Тұтынушылық көңіл-күй динамикасы әлеуметтанулық сауалнамалар арқылы тұрақты түрде бақыланады. Бұл туралы ОКҚ алаңында СИМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының м.а. Болат Танабергенов мәлімдеді. Ведомство өкілі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің әлеуметтік мемлекеттік тапсырысы бойынша жүргізілген 2024 жылғы әлеуметтік зерттеу нәтижелері туралы хабардар етті.