«Саламатты Қазақстан» жобасына екінші жыл қатарынан медиаторлар мен заңгерлер қатысты. Пойызда 6 білікті маман, яғни 3 заңгер мен 3 медиатор болды. Нәтижесінде 2 949 азаматтың арызы қарастырылды, оның 1844-і медиаторға түскен өтініш болса, 1105-і заңгерге қатысты сұрақтар болды. Барлығы 1630 ер адам және 1 298 әйел азамат өз мәселелерімен мамандардың көмегіне жүгінді. Бұл туралы «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Альфия Адиева ОКҚ брифингінде хабарлады.