Қазақстанда тұтынушылардың шағымдары жылдан жылға артып келеді. 2024 жылы Сауда және интеграция министрлігіне келіп түскен өтініштер саны 62,5 мыңға дейін жетті. Қалған салалық мемлекеттік органдарға 2024 жылы келіп түскен өтініштер саны 121,9 мыңнан асты. Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінде де осындай жағдай байқалады. Мәселен, 2024 жылы қоғамдық бірлестіктер 73 мыңға жуық өтініш қарады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР СИМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Асқар Тынысбеков айтты.