Ағымдағы жылыту кезеңінде ең көп өрт Павлодар облысында тіркелді – көрсеткіш 2,3 есеге артты. Жетісу облысында өрт кезінде қаза тапқандар саны 4,6 есеге өсті. Жылыту кезеңі өрттің туындау қаупі жоғары уақыт екенін ескере отырып, Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғын үй секторында дайындық профилактикалық жұмыстарын үнемі жүргізіп отырады. ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының м.а. Ерлан Төрегелдиев өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоның жүргізіп жатқан жұмысы туралы айтты.