«Е-сараптаманы» сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімімен интеграциялау сараптамаларды тағайындау процесін едәуір жеңілдетті. Алайда, қазіргі жағдайда автоматтандыру мен аналитиканың одан да жоғары деңгейі қажет. Сондықтан зерттеулердің дәлдігі мен жылдамдығын арттыру үшін жасанды интеллект технологияларын қолданатын «Е-сараптама 2.0» құру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жаңғырту жүргізілетін сараптамалардың сапасы мен жеделдігінің жоғары стандарттарын қамтамасыз ете отырып, Қазақстанның сот-сараптама қызметін дамытудағы маңызды кезең болады», – деді спикер.

Сот-сараптама институтын дамыту және нығайту жөніндегі жұмыс одан әрі жалғасады.