Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі AMANAT партиясымен бірлесіп, алаяқтықтан қорғануға және азаматтардың хабардарлығын арттыруға бағытталған «Цифрлық қоғам» жобасын іске қосады. Бұл бастаманың ерекшелігі – жұмысқа барлық мемлекеттік орган, мүдделі ұйымдар, өңірлердегі партия өкілдіктері атсалысады. Негізгі бағыттар – цифрлық сауаттылық, кибергигиена, цифрлық инклюзия, цифрлық құқық. Жобаның мақсатты аудиториясы – балалар, жасөспірімдер, ата-аналар, қарттар. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Абдикаликов жобаны іске асыру және алаяқтықтың алдын алудың маңыздылығы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.