Алматы қаласы тоғызқұмалақ спорт түрінің астанасы болып бекітілді. Жергілікті атқарушы органдар ІІ Жасөспірімдер арасындағы тоғызқұмалақтан Әлем чемпионатына қарқынды дайындық жүргізіп жатыр. Биыл жарыспен қоса, туризмді дамытуға да басымдық беріліп отыр. Келген делегациялар шаһардағы туристік орталықтарды аралайды деп көзделген. Бұл туралы ҚР Тоғызқұмалақ спорт федерациясының президенті Әкім Тұрсұн ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтты.