Отандық өндірісті дамыту және қайта өңдеуді қолдау мақсатында Түркістан облысының барлық аймағында «Шағын өндірістік парк» жобасы іске асырылуда. Облыс бойынша жалпы 21 шағын өндірістік алаң құрылды. Аумағы – 238 га. Жоба аясында 248 ғимарат салып, 5 мыңға жуық жұмыс орнын құру жоспарланған. Бүгінгі таңға 40 ғимарат салынып, 32 жоба қосылды. 2 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Парк аумағында жиһаз, жаңбырлатып суғару, сусын, мұздатқыш және құрылыс заттарын шығаратын өндірістер ашылды. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.