Балық шаруашылығы комитеті құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізеді. Заңды бұзған тұлғалар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Ағымдағы жылдың 11 айында 5 036 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 98 млн теңгеден астам айыппұл салынды, 49 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Серік Сермағамбетов мәлімдеді.