Қызылорда облысында кәсіпкерлікті қолдауға 2022-2024 жылдары әртүрлі көздерден 203 млрд 81 млн теңгенің 16 мың 634 жобасы қаржыландырылды. Оның 37 млрд 962 млн теңгесі – мемлекеттік бағдарлама аясында қолдау тапты. Биыл барлық қаржы көзінен 40 млрд теңгеге жеке кәсіпкерліктің 2 мың 464 жобасы қаржыландырылды. Нәтижесінде кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-дан асады. Өңір әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында осылай деп мәлімдеді.