Қызылорда облысы тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту үшін баспанамен қамту, инфрақұрылымдарды қайта жаңғырту бағытында тиісті шаралар қабылдануда. Қызылорда қаласында «Акса Энерджи» түрік инвесторымен 215 млрд теңгеге қуаттылығы 240 мегаватты құрайтын жаңа жылу электр орталығы салынды. Бюджет есебінен 15 млрд теңгеге 45 шақырым газ құбыры жүргізілді. Бұл жайында өңір әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.
Қызылорда қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерді ыстық сумен қамтамасыз ету мәселесі шешілді
Тегтер:
энергетика