Қызылорда облысында денсаулық сақтау саласын дамытуға, халықтың медициналық қызметтерге қол жетімділігін арттыруға бағытталған кешенді шаралар нәтижелі жүзеге асуда. Соңғы үш жылда облыстың денсаулық сақтау саласына барлығы 441 млрд теңге қаржы бөлініп, халықтың сұранысына сәйкес түйткілді мәселелер шешімін табуда. Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.