Қызылорда өңірінде 2022 жылдан бері 20 мәдениет нысаны бой көтеріп, ел игілігіне берілді. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша 2 ауылдық клуб салынып жатыр. Барлық 7 ауданда 11 млрд 500 млн теңгеге «Руханият» орталықтары бой көтерді. Орталықта музей, кітапхана, архив, неке қию залдары, ардагерлер мен аналар кеңесі, жастар, этномәдени бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдардың толық жабдықталған жұмыс кабинеттері ашылды. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады. Оның айтуынша, Қызылорда қаласында «Отбасы орталығы», «Анаға тағзым» орталығы, көпфункционалды мың орындық «Өнер» орталығы ашылды.