2025 жылы Қостанай облысында тұрғын үй саясатын іске асыруға 40 млрд теңге бөлінді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 3 есе көп. Жалпы соңғы үш жылда өңірде 1,5 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 15 мың пәтер пайдалануға берілді. Бұл туралы облыс әкімі Құмар Ақсақалов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.