Автомобиль жолдарын су тасқынына дайындау аясында жол инфрақұрылымының қауіпсіздігі мен тұрақтылығын арттыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. Соңғы жылдары республикалық маңызы бар жолдарда жүргізілген кешенді шаралардың нәтижесінде су тасқыны қаупі бар учаскелер саны 396-дан 229-ға дейін қысқарды. Бұл көрсеткішке реконструкция, сондай-ақ күрделі және орташа жөндеу жұмыстарының нәтижесінде қол жеткізілді. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин ОКҚ алаңындағы дөңгелек үстелде хабарлады.