Биыл ақпан айында басталған «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасына 2 миллионнан астам қазақстандық қатысты. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз конференциясы барысында Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының төрағасы Лима Диас хабарлады.