Адам және оның әл-ауқаты – бүгін ОКҚ-да ұсынылған еліміздің 2025 жылға дейінгі дамуының Ұлттық жоспары нақ осы құндылықтарға негізделеді. Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевтің айтуынша, пандемиядан туындаған жаһандық экономиканың күрт өзгеруі «жаңа шынайылықты», жаңа әлемдік сауда тәртібін қалыптастырды, өзін-өзі қамтамасыз ету және протекционизм тенденцияларын күшейтті. Сонымен қатар, коронадағдарыс әлемдегі теңсіздіктің өсу тенденциясын жеделдетті. Біріншіден, бұл жұмыссыздықтың айтарлықтай өсуіне байланысты.