Негізгі мазмұнға өту

Өңір жаңалықтары

ӨКҚ байланыс деректері
Қызылорда қаласында Қан орталығы ашылды 25 шілде 2024

Қызылорда қаласында Қан орталығы ашылды

Ғимараттың құрылысына республикалық бюджеттен 2,7 млрд теңге бөлінді. Ескі қан орталығы облыстық көпсалалы медициналық орталықтың ғимаратында орналасқан болатын. Қызметкерлер ондай тығыз жағдайда жұмыс істеу қиын болды, деп еске алады, деп хабаралйды Primeminister.kz.

Қызылордада 150 отбасы қоныстойын тойлады 25 шілде 2024

Қызылордада 150 отбасы қоныстойын тойлады

Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова облыс орталығында пәтер кілттерін табыстау шарасына қатысты. Сырдарияның сол жағалауында 10 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, кезектегі 150 отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Үкімет БҚО-дағы жылу магистральдарын реконструкциялауға 4,9 млрд-қа жуық теңге бөлді 24 шілде 2024

Үкімет БҚО-дағы жылу магистральдарын реконструкциялауға 4,9 млрд-қа жуық теңге бөлді

Алдағы жылу беру маусымының үзіліссіз өтуін қамтамасыз ету үшін ҚР Үкіметінің резервінен Батыс Қазақстан облысының әкімдігіне шамамен 4,9 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-Министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Құрық теңіз порты мен Транскаспий халықаралық көлік бағытын байланыстыратын жол күрделі жөндеуден өтті 24 шілде 2024

Құрық теңіз порты мен Транскаспий халықаралық көлік бағытын байланыстыратын жол күрделі жөндеуден өтті

Маңғыстау облысында Құрық ауылын Жетібай ауылымен жалғап, жалпы ұзындығы 64 шақырым болатын республикалық маңызы бар жолдың күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуда. Құрық теңіз портына апаратын «Құрық-Жетібай» жолы еліміз үшін өте маңызды көлік бағыты Транскаспий халықаралық дәлізіне шығуға мүмкіндік береді. Жол пайдалануға берілгеннен кейін барлық транзит жүктер Құрық портына тікелей барады. Егер бұрын тасымалдаушылар Ақтау қаласының ішімен жүруге мәжбүр болса, енді теңіз айлағына Жетібай ауылы арқылы тікелей бара бермек. Бұл уақыт үнемдейді, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.

Абай облысында 100-ден астам мектеп Starlink-ке қосылған 24 шілде 2024

Абай облысында 100-ден астам мектеп Starlink-ке қосылған

Биыл облыстың барлық мектебі 100% интернетпен қамтамасыз етілген, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

Үкімет Петропавлда автожол өтпесін салуға 2,9 млрд теңге бөлді 24 шілде 2024

Үкімет Петропавлда автожол өтпесін салуға 2,9 млрд теңге бөлді

ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында Петропавл қаласында апатты жол өтпесінің құрылысын аяқтауға 2,9 млрд теңге бөлу туралы Үкімет қаулысы қабылданды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Ақмола облысында Нұра топтық су құбырының 36,6 шақырым учаскесін реконструкциялау жұмыстары аяқталды 23 шілде 2024

Ақмола облысында Нұра топтық су құбырының 36,6 шақырым учаскесін реконструкциялау жұмыстары аяқталды

Ақмола облысында Нұра топтық су құбыры қайта жаңартылуда. Бүгінгі таңда Егіндікөл ауданының «Ұзынкөл» сорғы станциясына дейін ұзындығы 36,6 шақырым учаскеде құбыр төсеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.

Батыс Қазақстан өңірінде екі республикалық маңызы бар күре жолдың құрылысы аяқталуға жақын 22 шілде 2024

Батыс Қазақстан өңірінде екі республикалық маңызы бар күре жолдың құрылысы аяқталуға жақын

Жалпы ұзындығы 245 шақырымды құрайтын «Қазталов-Жәнібек-РФ шекарасы» (142 шақырым) мен «Өнеге-Бисен-Сайқын» (103 шақырым) күре жолдарында атқарылып жатқан күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Бірінші жобада асфальт төсеу жұмыстары толығымен аяқталса, екінші күре жолдың 10 шақырымын ғана салу қалды, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.

Ақтауда «Солтүстік-Оңтүстік» бірінші көліктік сауда-экспорттық форумы өтуде 19 шілде 2024

Ақтауда «Солтүстік-Оңтүстік» бірінші көліктік сауда-экспорттық форумы өтуде

Парсы шығанағы порттарындағы терминалы бар және одан әрі Үндістанға шығатын «Солтүстік-Оңтүстік» көлік дәлізі кең мүмкіндіктер ашады және еліміздің экономикалық дамуының локомотивтерінің біріне айналуы мүмкін. Осы маршрутты дамыту үшін бүгін Иран, Түрікменстан және Ресеймен 2024-2025 жылдарға арналған «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізінің шығыс маршрутының әлеуетін синхронды дамыту бойынша Жол картасына қол қойылды, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.

ШҚО-ға келуші туристер саны 2,7%-ға артты 19 шілде 2024

ШҚО-ға келуші туристер саны 2,7%-ға артты

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Шығыс Қазақстан облысының туристік әлеуетімен танысып, саланы одан әрі дамыту әрі оның өңір экономикасының құрылымындағы үлесін арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Олжас Бектенов Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін Қазақстандағы ең ұзын көпір құрылысының барысымен танысты 19 шілде 2024

Олжас Бектенов Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін Қазақстандағы ең ұзын көпір құрылысының барысымен танысты

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында жол-көлік саласын дамыту жоспарларымен танысып, Бұқтырма су қоймасындағы Күршім көпір өткелінің құрылыс қарқынын тексерді. Жоба Президенттің тапсырмасы бойынша бірнеше ауданның өңірдің орталығымен көлік қатынасына байланысты тұрғындардың өтініштерін ескере отырып іске асырылуда, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Биыл «Атырау-Астрахан» күре жолы қолданысқа беріледі 18 шілде 2024

Биыл «Атырау-Астрахан» күре жолы қолданысқа беріледі

Жолды көлікпен жүріп өту уақыты 2,5-3 сағатқа дейін қысқарады, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.