Өңір жаңалықтары
Еңбекке қабілетті 12 мыңнан астам сотталған азамат жұмыспен қамтылды
Түзеу мекемелерінде ұстау жағдайларын жақсарту бойынша айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Тиісті жағдай жасамай, оларды түзету үшін тәрбие жұмыстарын жүргізу өте қиын. Қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған мекемелердің негізгі қорлары тозған күйде. Бұл бағытта белгілі бір шаралар қабылдануда. Биыл Ақмола, Атырау, Павлодар облыстары және Астана қаласының мекемелерінде камералық ұсталатын 8 тұрғын блоктың құрылысы аяқталады. Бұл туралы ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Теңізжан Жәнібеков ОКҚ брифингінде мәлімдеді.
Қызылорда облысында су қоймасы мен су торабын салу жоспарланып отыр
Қызылорда облысы Арал ауданындағы Ақшатау және Қамыстыбас көлдеріне су жинау үшін Су ресурстары және ирригация министрлігі Аманөткел ауылының жанында су торабын салуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, Қараөзек каналында жаңа су қоймасын салуға ниетті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Қазақстан құрамасы XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына аттанды
Алматы облысындағы республикалық олимпиадалық даярлық базасында Қазақстан ұлттық құрамасын XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына ресми шығарып салу рәсімі өтті. Төртжылдықтың басты додасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында Париж қаласында өтеді. Франция астанасында Қазақстан құрамасы сапынан 80 спортшы спорттың 25 түрінен бақ сынап, 81 медаль жиынтығын сарапқа салады. Қазақстан осымен сегізінші мәрте жазғы Олимпиадаға қатыспақ, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.
«Бірлестік-2024» халықаралық оқу-жаттығуының қорытындысы шығарылды
Маңғыстау облысында «Бірлестік-2024» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Оған Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан делегацияларының басшылары мен әскери контингенттері қатысты. Іс-шара Тоқмақ мүйісіндегі Каспий теңізінің қазақстандық секторында практикалық іс-қимылдарды пысықтаумен аяқталды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігі.
Астанада креативті хаб ашылды
Елордада алғашқы ірі креативті хаб өз жұмысын бастады. Шығармашылық кеңістік Мемлекет басшысының тапсырмасымен ашылды. Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында бұл сала еліміздің экономикасын өркендетуге тың серпін беретініне сенім білдірген еді, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Үкімет су тасқынынан зақымданған үйлерді қалпына келтіру жұмыстарын тұрақты қадағалап отыр
Премьер-Министр Олжас Бектенов су тасқынынан кейін тұрғын үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев, энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев, көлік вице-министрі Сатжан Аблалиев ағымдағы жағдай мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Сондай-ақ Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының әкімдері тыңдалды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Хромтау-Ұлғайсын» жолы төрт жолақты болады
Қайта құру жұмыстары басталып кетті. Бұл жол I техникалық санатқа ие болып, төрт жолақты жолға айналады, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.
Ақмола облысында мектептерді жаңа модификация кабинеттерімен жарақтандыру жүргізілуде
Білім беру сапасын арттыруда мектептердің сапалы және заманауи оқу кабинеттерімен қамтамасыз етілуі үлкен рөл атқарады. Ақмола облысында білім берудің заманауи үрдістерін ескере отырып, мектептердің оқу-материалдық базасына ерекше көңіл бөлінеді, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Жамбыл облысында мыс концентратын өндіретін ірі кәсіпорын іске қосылды
Жамбыл облысында жылына 98,6 мың тонна мыс концентратын өндіруге қуатты Шатыркөл кен байыту фабрикасының техникалық іске қосылуы өтті, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Бурабайда Қарулы күштердің әскери қызметшілеріне арналған оңалту орталығы ашылды
Қорғаныс министрлігінің Бас әскери клиникалық госпиталіне қарасты бұл медициналық бөлімше Ақмола облысының Щучинск қаласында орналасқан, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Алматы облысында 2023 жылы мүгедектігі бар адамдар үшін 218 нысан бейімделді
Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында 2023 жылы Алматы облысында 218 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Қарағанды-Балқаш күре жолының алғашқы төрт жолағы ашылды
Астана мен Алматы қалаларын қосатын Орталық-Оңтүстік дәлізінің учаскелерінде қозғалыс ашып, жолды қолданысқа тапсыру бойынша жұмыс жүргізілуде, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.