Негізгі мазмұнға өту

Өңір жаңалықтары

ӨКҚ байланыс деректері
Астанадағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 89 мемлекеттің өкілдері қатысады 24 маусым 2024

Астанадағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 89 мемлекеттің өкілдері қатысады

Биыл елімізде 8-13 қыркүйек аралығында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. 2 жыл бұрын бұл шара Түркия елінің Изник қаласында ұйымдастырылған болатын. Ойындар 21 спорт түрінен өткізіледі. Жартысы өзіміздің ұлттық спорт түрлері болса, қалғаны – түркітілдес елдердің ұлттық спорт түрлері. Бұл туралы ҚР туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев ОКҚ алаңында хабарлады.

Түркістан облысында агроөнеркәсіп кешені саласы бойынша 10 инвестициялық жоба жүзеге асырылды 21 маусым 2024

Түркістан облысында агроөнеркәсіп кешені саласы бойынша 10 инвестициялық жоба жүзеге асырылды

Аграрлық сала Түркістан облысының экономикалық дамуының маңызды бағыты болып саналады, сондай-ақ өңірдің инвестиция тарту мен жаңа жұмыс орындарын құруда әлеуеті зор. Агроөнеркәсіп кешеніндегі инвестициялық жобаларды іске асырудың 2024-2026 жж. Жол картасы аясында Түркістан облысында 507,3 млрд теңгені құрайтын 105 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, 8300 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Шымкентте мүгедектігі бар адамдар үшін 2023 жылы 190-нан астам нысан бейімделді 21 маусым 2024

Шымкентте мүгедектігі бар адамдар үшін 2023 жылы 190-нан астам нысан бейімделді

2023 жылы Шымкент қаласында мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында 196 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

«Таза Қазақстан»: Астанада жаңа әлеуметтік жоба іске қосылды 21 маусым 2024

«Таза Қазақстан»: Астанада жаңа әлеуметтік жоба іске қосылды

Елордада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акция аясында «Таза Астана» жаңа әлеуметтік жоба іске қосылды. «Таза Астана» жобасының мақсаты – әрбір аулада тазалық пен тәртіпке саналы, адал көзқарас қалыптастыру, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Қарағанды облысында қуаттылығы жылына 9 мың тонна сүтті құрайтын СТФ салынуда 20 маусым 2024

Қарағанды облысында қуаттылығы жылына 9 мың тонна сүтті құрайтын СТФ салынуда

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин бастаған делегация құрамымен барған Қарағанды ​​облысына жұмыс сапары барысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров егіс науқанының қорытындысымен және шегірткеге қарсы жүргізіліп жатқан қорғау шараларының сапасымен танысты, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Абай облысында 500 бала ашамайға отырып, рекордтар кітабына енді 19 маусым 2024

Абай облысында 500 бала ашамайға отырып, рекордтар кітабына енді

Абай ауданында Құнанбай Өскенбайұлының 220 жылдық мерейтойында 500 бала бір мезетте ашамайға отырды. Бүгінде ұмытыла бастаған дәстүрдің мақсаты – балалардың бойына ұлттық құндылықты дарыту, мықты, табанды болып өсуге баулу, деп хабарлайды Абай облысының әкімдігі.

Еліміздің су қоймаларындағы жағдай туралы 19 маусым 2024

Еліміздің су қоймаларындағы жағдай туралы

Батыс Қазақстан облысындағы төрт ірі су қоймасы 91%-ға толды. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.

Қостанай және Ақтөбе облыстарындағы Ресеймен шектесетін аумақтарда шегіртке үйіріне мониторинг күшейтіледі 18 маусым 2024

Қостанай және Ақтөбе облыстарындағы Ресеймен шектесетін аумақтарда шегіртке үйіріне мониторинг күшейтіледі

Бұл туралы вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен шегірткеге қарсы күрес жөніндегі орталық жедел штаб отырысында АШМ Мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Дархан Әбдікәрімов мәлімдеді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады 14 маусым 2024

Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады

Мемлекет басшысына облыстың биылғы қаңтар-мамыр айларындағы негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндалды.

Алматыда «Айбын» әскери-патриоттық жиыны өтеді 13 маусым 2024

Алматыда «Айбын» әскери-патриоттық жиыны өтеді

Биыл «Айбын» әскери-патриоттық жиыны 16-22 маусым аралығында Алматы қаласындағы Құрлық әскерлері Әскери институтының Оқу орталығында өтеді. Бұл мереке батыр Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына арналып ұйымдастырылмақ. Халықаралық шараға 5 елдің ұжымы қатысады. ҚР ҚМ Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы, әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев ОКҚ алаңында жиынға дайындық барысымен таныстырды.

Жетісу облысында қант қызылшасы алқабын үш есе ұлғайту жоспарлануда 12 маусым 2024

Жетісу облысында қант қызылшасы алқабын үш есе ұлғайту жоспарлануда

Бүгінде қызылша ең жоғары маржиналды дақылдардың біріне айналды. Биылдың өзінде облыста 12,6 мың га жерге қант қызылшасы егілді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 2,6 мың гектарға артық. 2026 жылға қарай егістік алқаптарын 15 мың га дейін жеткізу жоспарланған, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 3,6 есе артық. Вице-премьер Серік Жұманғарин Жетісу облысына жұмыс сапары аясында егіс науқанының қорытындыларымен және шегірткеге қарсы күрес барысымен танысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.

ҚР Үкіметі Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында жылу желілерін салуға және реконструкциялауға 9 млрд теңге бөлді 12 маусым 2024

ҚР Үкіметі Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында жылу желілерін салуға және реконструкциялауға 9 млрд теңге бөлді

Бұл қалалардағы желілердің орташа тозу көрсеткіші 59-90% аралығында, деп хабарлайды Primeminister.kz.