Өңір жаңалықтары
«Қазақстан халқына» қоры мен СҚО әкімдігі тасқыннан зардап шеккендерге 100 үй салу туралы меморандумға қол қойды
Су қоймалары ұтымды пайдаланылады
Ресей Федерациясының Иреклі су қоймасынан жіберілген су еліміздің аумағы арқылы өтіп жатыр. Тасқын суының үлкен көлемі Жайық өзенінің арнасы бойынша Орал қаласы арқылы өтеді. Өңірде су тасқыны жалғасуда. «Қазсушар» мекемесінің Батыс Қазақстан филиалының мамандары тасқын суын қауіпсіз өткізу іс-шараларын атқаруда. Аймақтағы су қоймалары үлкен көлемде су қабылдауға дайын. Орал-Көшім суару-суландыру жүйесінің 4 су қоймасы белсенді су жинап жатыр. Қазір оларда 224 миллион текше метр су жиналды, бұл жалпы көлемнің 86%-ы. ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева ОКҚ алаңында осылай деді.
Жайық өзеніндегі су деңгейі тұрақты
Соңғы екі тәулікте Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі байқалмайды. Көрсеткіш 2 см-ге түсті. Қазіргі оның деңгейі - 8 м 63 см. Ал, оның қауіпті деңгейі 8 м 50 см. Сол себепті облыста су тасқынына қарсы шаралар әлі де жалғасуда. БҚО ТЖД ресми өкілі Нұржан Төлеуіш ОКҚ брифингінде осылай деп мәлімдеді.
СҚО-да үйлерден суды тарту жұмыстары жүріп жатыр
СҚО-ғы жағдай әлі де күрделі. Сергеев су қоймасындағы су деңгейі сәл төмендеді. Қазір су бөгет шыңынан 3 метр 37 см асып тұр. Тәулік ішінде 19 см-ге төмендеді. «Казгидромет» мамандарының болжауы бойынша екінші толқын, бірінші толқындай көп су әкелмейді және де үйлерді су енді баспайды. СҚО Төтенше жағдайлар департаменті Ақпараттық-талдау тобының бас маманы Жазира Қожахметова ОКҚ алаңында осылай деді.
Атырау облысының Құлсары қаласында залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссияға 2315 өтініш түсті
Жылыой ауданында қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. 23 – сәуірдегі жағдай бойынша Құлсары тұрғындарынан 3676 өтініш келіп түсті, оның 3334 тұрғыны 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды. Залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссия жұмысын жалғастыруда. Бұл жұмыс бойынша 2315 өтініш келіп түсті, мүлікті бағалау жұмыстары басталды. Мұндай мәліметтерді ОКҚ брифингінде Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев айтты.
«Қазақстан халқына» ҚҚ Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге арнап 114 үй салады
«Қазақстан халқына» Қоғамдық Қоры және Батыс Қазақстан облысының әкімдігі Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында су тасқынынан зардап шеккен отбасылар үшін тұрғын үйлер салу туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Орал қаласынан төмен орналасқан елді мекендерді қорғау жұмыстары жалғасуда
Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстарындағы су тасқыны жағдайы туралы
Ақтөбе өңірінде зардап шеккендерге қосымша материалдық көмек беріледі
Көктемгі су тасқынына байланысты Ақтөбе облысының алты ауданы мен Ақтөбе қаласында жергілікті ауқымдағы табиғи сипатқа ие төтенше жағдай режимі сақталуда. Ырғыз ауданында су тасқынына қарсы шаралар атқарылып жатыр. Бұл жақта 81 үйді су басқан еді. 2024 жылғы 23 сәуірде Ырғыз ауданында жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілуде. Белшер кентінде 90 дана қап төселіп, 30 тонна инертті материал әкелінді. Құйлыс ауылында 150-ге жуық адам жұмыс істеп жатыр, 9 бірлік техника тартылды, 310 дана қап төселіп, 90 тонна инертті материал әкелінді. Бұл туралы Ақтобе облысы әкімінің баспасөз хатшысы Гүлбағда Көбеева ОКҚ алаңында хабарлады.