Өңір жаңалықтары
Батыс Қазақстан облысында су тасқынының екінші кезеңіне дайындық жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде
Батыс Қазақстан облысында су тасқынының екінші кезеңіне дайындық жұмыстары күшейтілген режимде жүріп жатыр. Жағдай әлі де күрделі. Себебі, көршілес РФ Орынбор облысы су қоймаларынан Жайық өзеніне су жылдам келіп жатыр. Салдарынан Ақжайық, Бәйтерек, Бөрлі, Теректі аудандарының 80-нен астам елді мекенін, Жайық өзенінің бойында орналасқан Орал қаласын су басу қаупі бар. Бұл туралы БҚО әкімінің баспасөз қызметінің басшысы Ерхан Тәткен ОКҚ алаңында мәлімдеді.
Су тасқыны жағдайына байланысты Президент биыл Астана халықаралық форумын өткізбеу туралы шешім қабылдады
Солтүстік Қазақстан облысына Қазақстан халқы Ассамблеясынан гуманитарлық көмек жеткізілді
СҚО ТЖД өкілі Петропавл қаласындағы осы сағаттағы жағдай туралы айтты
Қостанай облысында су астында қалған 158 үй қалпына келтіріледі
Қостанай облысының 2 қаласы мен 4 ауданында төтенше жағдай жарияланған. Аталған өңірдің барлығында зардап шеккендерге залалды өтеу бойынша комиссиялар құрылып, жұмыс жасап жатыр. Төлем туралы шешімдерді комиссиялар жылжымайтын, жылжымалы мүлік пен малды бағалау және техникалық тексеруден кейін қабылдайтынын атап өткен жөн. Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ерлан Спанов ОКҚ алаңында осылай деді.
Солтүстік Қазақстан облысының ТЖД өкілі Сергеев су қоймасындағы жағдай туралы айтып берді
12 сәуірдегі жағдай бойынша Қостанай облысының су қоймаларындағы су деңгейі орта есеппен 1.5 метрге дейін төмендеді
Атырау облысы: тәулік ішінде Жылыой ауданында Жем өзенінің 15 см төмендегені байқалады
8 өңірде 74 гидротехникалық құрылысты жөндеу жоспарланған
Су ресурстары және ирригация министрлігі 6 облыстың ауылшаруашылық жерлеріне су беруді жақсарту үшін 200 шақырым суару желілерін тазартты. Бүгінде ол Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан облыстарында және Жетісу облысында жүргізілуде. Бұл деректерді ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева ОКҚ алаңында сөйлеген сөзінде айтты.
Үкімет Арқалықта су тасқынынан зардап шеккендерге үй сатып алу үшін қаражат бөлді
Үкімет қаулысымен су тасқыны салдарынан зардап шеккен Қостанай облысы Арқалық қаласының тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету үшін Үкіметтің төтенше резервінен 405 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Қарағанды облысында зардап шеккен тұрғындарға өтемақы төленді
Қарағанды облысында 60 үй су тасқынынан зардап шекті. 89 бас ауыл шаруашылығы жануарлары шығын болды. Ветеринариялық-санитарлық нормаларды сақтай отырып, шығын болған барлық мал басы мол қорымының аумағында өртелді. Су тасқынынан зардап шеккен 60 отбасыға 100 АЕК мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек төленді. Зақымдалған жеке мүлік өтемақысы толық төленді. Мал орны толтырылды. Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Бауыржан Асанов ОКҚ алаңында осылай деп мәлімдеді.