Су ресурстары және ирригация министрлігі 6 облыстың ауылшаруашылық жерлеріне су беруді жақсарту үшін 200 шақырым суару желілерін тазартты. Бүгінде ол Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан облыстарында және Жетісу облысында жүргізілуде. Бұл деректерді ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева ОКҚ алаңында сөйлеген сөзінде айтты.