Өңір жаңалықтары
Жайық және Қиғаш өзендерінде жүйелі түрде түп тереңдету жұмысы жүргізіледі
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов аймақтарға жұмыс сапары аясында Атырау облысына барып, өңір тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту, су шаруашылы нысандарын реконструкциялау және дамыту жобаларын іске асыру барысымен танысты, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Жамбыл облысының жалпы өңірлік өнім көрсеткіші 1,3 трлн теңгені құрады
Қызылордада жаңа автовокзал мен «Қорқыт Ата» әуежайы терминалының құрылысы аяқталып жатыр
Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында көлік министрі Марат Қарабаев өңір әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен бірге облыс орталығында шоғырланған көлік инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Президент Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаевты қабылдады
Солтүстік Қазақстан облысында өнеркәсіптің жалпы көлемі 595 млрд теңгеге жетеді- Ғ.Нұрмұхамбетов
Солтүстік Қазақстан облысында өңдеу өнеркәсібінің үлесі 80%-дан асты. Қазір өңірде құны 469 млрд теңгеден артық 39 инвестициялық жоба іске асып жатыр. Нәтижесінде 2026 жылға дейін мұнда 6 мың жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп отыр. Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында осылай деп мәлімдеді. Биылдың өзінде құны 56 млрд теңгеге тең 15 жоба іске қосылады деп жоспарлануда.
Биыл Солтүстік Қазақстанда құны 775 млрд теңгеге тең өнім шығарылды
Ауа райының қолайсыздығы өңір диқандарының жұмысына айтарлықтай кедергі келтірді. Алайда шаруалар әр гектардан 11,1 центнер өнім алды. Жиналған астық көлемі 3,7 млн тоннадан асты. Майлы дақылдар 685 мың гектарда жиналды. Өнімділікті арттыру мақсатында барлық қажетті аграрлық іс-шаралар кешені жүргізілді. Ауыл тұрғындарына жыл бойы жұмыс пен табыс әкелетін мал шаруашылығы да ерекше назарда.
Бюджеттің тиімді жоспарлануы халықтың жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
Биыл Солтүстік Қазақстан облысының бюджеті едәуір ұлғайып, шамамен 500 млрд теңгеге жетіп қалды. Өңірдің өз кірістері де 27,6%-ға өсті. Мәселен, былтыр бұл көрсеткіш 87 млрд теңгені құраса, осы жылы 111 млрд теңге көлемінде. Бүгін өңір әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Орталық коммуникациялар алаңында өткен 10 айдың қорытындысымен бөлісіп, қаражаттың жұмсалуы жайында баяндады.
Көкшетауда суды тазарту жобасын іске асыру жоспарлануда
СОР28-де Дубайдағы Орталық Азия павильонында «Metito» компаниясымен Көкшетау қаласы үшін сарқынды суларды тазарту жөніндегі жобаны іске асыру бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Көлсайдың жанындағы Саты ауылы «Ең үздік туристік ауылдардың» қатарына енгізілді
Алматы облысы Қазақстандағы маңызды туристік өлкелердің бірі. 2023 жылдың жарты жылдығында ішкі туристер саны 13%-ке өсіп, 1,1 млн адамға жетті. Шетелдік туристер 12 есеге өсіп, 74 мың келушіні құрады. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңындағы есептік кездесуде өңір әкімі Марат Сұлтанғазиев осындай мәлімет келтірді.
Отандық шырындардың 85%, сусындар мен балмұздақтың 60%, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарының төрттен бірі Алматы облысында өндіріледі – аймақ әкімі
Алматы облысы экономикасының негізгі локомотивтері – өнеркәсіп пен агроөнеркәсіптік кешен. Бұл екеуі жалпы өңірлік өнімнің 40%-дан астамын құрайды. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңындағы есептік кездесуде өңір әкімі Марат Сұлтанғазиев облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы биылғы 10 айда жоғары болғанын баяндады.
Алматы облысында «G4 City» қаласын жеке әкімшілік бірлік ретінде құру бойынша жұмыстар жүргізілуде – өңір басшысы
Маятниктік миграция, көлік инфрақұрлымына және әлеуметтік нысандарға салмақтың артуы. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңындағы есептік кездесуде өңір әкімі Марат Сұлтанғазиев Алматы облысында жүйелі негізде шешуді қажет ететін осы мәселелерді атады.
Атырау облысында газ құбыры мемлекет меншігіне қайтарылады
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов төрағалығымен өткен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысында тауарлық газды тасымалдау саласындағы заңсыз иемденілген активтерді қайтару мәселесі қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.