Алматы облысы экономикасының негізгі локомотивтері – өнеркәсіп пен агроөнеркәсіптік кешен. Бұл екеуі жалпы өңірлік өнімнің 40%-дан астамын құрайды. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңындағы есептік кездесуде өңір әкімі Марат Сұлтанғазиев облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы биылғы 10 айда жоғары болғанын баяндады.