Негізгі мазмұнға өту

Өңір жаңалықтары

ӨКҚ байланыс деректері
Биылғы жылдың 9 айында батысқазақстандық шағын және орта бизнес 1 трлн теңгенің өнімдерін өндірді – БҚО әкімі 14 қараша 2023

Биылғы жылдың 9 айында батысқазақстандық шағын және орта бизнес 1 трлн теңгенің өнімдерін өндірді – БҚО әкімі

БҚО экономикасын әртараптандыру бағытында нақты істер қолға алынуда – аймақ басшысы 14 қараша 2023

БҚО экономикасын әртараптандыру бағытында нақты істер қолға алынуда – аймақ басшысы

Осы жылдың 9 айында Батыс Қазақстан облысы экономикасының негізгі салалары бойынша тұрақты өсімге қол жеткізілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңындағы баспасөз конференциясында аймақ әкімі Нариман Төреғалиев мәлім етті.

Қазақстанда QR–код арқылы көрсетілген медициналық қызметті растау бойынша пилоттық жоба іске қосылды 14 қараша 2023

Қазақстанда QR–код арқылы көрсетілген медициналық қызметті растау бойынша пилоттық жоба іске қосылды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп пациенттің QR-код арқылы медициналық қызмет алу фактісін растау жөніндегі пилоттық жобаны іске қосты. Оған Астана, Алматы қалаларының және Солтүстік Қазақстан облысының медициналық ұйымдары қатысады.

2025 жылы Жетісу облысында ірі жел электр станциясының құрылысы басталмақ 14 қараша 2023

2025 жылы Жетісу облысында ірі жел электр станциясының құрылысы басталмақ

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Сауд Арабиясы Корольдігімен бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

АШМ: «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыруға 2023 жылы 100 млрд теңге бөлінді 13 қараша 2023

АШМ: «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыруға 2023 жылы 100 млрд теңге бөлінді

«Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру 2022 жылы Ақтөбе және Жамбыл облыстарында басталды. Ол үшін республикалық бюджеттен 9 млрд теңге, оның ішінде Ақтөбе облысына 3 млрд теңге, Жамбыл облысына 6 млрд теңге бөлінді. Ақтөбе облысында 3 млрд теңгеге 691 шағын несие, Жамбыл облысында 6 млрд теңгеге 1 207 шағын несие бөлінді, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Абай облысында табиғи ресурстарды сақтау қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде 13 қараша 2023

Абай облысында табиғи ресурстарды сақтау қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Абай облысында 2023-2024 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау жоспары әзірленді. Жоспарда атмосфералық ауаны қорғау; су ресурстарын қорғау; өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғау; қалдықтарды өңдеу; ғылыми зерттеу, іздестіру және басқа әзірлемелер сынды 5 бағыт бойынша 44 іс-шара қарастырылған, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

2023 жылы 41 гидротехникалық құрылыс реконструкциядан өтті 13 қараша 2023

2023 жылы 41 гидротехникалық құрылыс реконструкциядан өтті

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Түркістан және Қызылорда облыстарында шекара маңындағы өзендер мен Сырдария өзеніндегі суды есепке алу жүйелерін автоматтандыру жоспары әзірлеп жатыр. Кейін ақпараттық ситуациялық орталық базасында бірыңғай диспетчерлік пункт ұйымдастырылатын болады. Бұл су ресурстарын дұрыс есепке алуға, тұтынуды бақылауға және жалпы су ресурстарын ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Тиісті жұмыстар Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда.

Қазақстанда Ақтөбе облысынан Қостанайға дейін жаңа газ құбыры салынады 11 қараша 2023

Қазақстанда Ақтөбе облысынан Қостанайға дейін жаңа газ құбыры салынады

Ақтөбе облысынан Қостанай қаласына дейін жаңа газ құбыры салынбақ. Жоба туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың Қостанай облысына жұмыс сапары аясында өңір әкімі Құмар Ақсақалов айтты, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Қазақстанның екі өңірінде қоныс аударушылар мен қандастарды бейімдеу және интеграциялау жөніндегі пилоттық жоба іске қосылды 10 қараша 2023

Қазақстанның екі өңірінде қоныс аударушылар мен қандастарды бейімдеу және интеграциялау жөніндегі пилоттық жоба іске қосылды

Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында жұмыс күші артық өңірлерден қоныс аударушылар, қандастар мен олардың отбасы мүшелері үшін бейімдеу және интеграциялау қызметтерін көрсету бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Оның шеңберінде республиканың солтүстік өңірлерінде бейімделуі мен интеграциялануына және жаңа тұрғылықты жерде қалуға ықпал ететін ақпараттық, құқықтық, әлеуметтік, медициналық және білім беру қызметтері іске асырылатын болады, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Астанада V Халықаралық энергия үнемдеу форумы өтуде 10 қараша 2023

Астанада V Халықаралық энергия үнемдеу форумы өтуде

Астанада дәстүрлі V Халықаралық энергия үнемдеу форумы басталды. Аталмыш шара Мемлекет басшысының экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) стандарттарына сәйкес энергия тиімділігінің ағымдағы саясатын айтарлықтай жаңартуға бағытталған «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында өткізіліп отыр, деп хабарлайды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.

Алматы облысында жастардың 347 астам жобасына жеңілдетілген микрокредит беріледі 10 қараша 2023

Алматы облысында жастардың 347 астам жобасына жеңілдетілген микрокредит беріледі

Алматы облысы бойынша 2023 жыл ішінде жастарға 1,9 млрд теңгеге 375 шағын несие беру жоспарлануда, деп хабарлайды өңір әкімдігінің баспасөз қызметі.

Шымкент тұрғындары бизнес-жобаларын табысты жүзеге асыруда 9 қараша 2023

Шымкент тұрғындары бизнес-жобаларын табысты жүзеге асыруда

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде Шымкент қаласында бизнес бастамаларды іске асыру үшін халықтың әлеуметтік осал топтарына 447 грант және Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында жастарға жеңілдікті шарттармен 261 микрокредит беру көзделген. Бүгінде 452 грант және 169 микрокредит берілді. Мемлекеттік қолдау алушылар өздерінің бизнес-жобаларын табысты іске асыруда, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.