Негізгі мазмұнға өту

Өңір жаңалықтары

ӨКҚ байланыс деректері
Әлихан Смайылов ЕАЭО шеңберінде электрондық көлік құжаттарына көшуге шақырды 3 ақпан 2023

Әлихан Смайылов ЕАЭО шеңберінде электрондық көлік құжаттарына көшуге шақырды

Digital Almaty бесінші форумы шеңберінде өткен «Жаңа болмыстағы цифрлық әріптестік» пленарлық сессиясында ЕАЭО елдері арасындағы цифрлық кедергілерді жою, сауда және экономиканың басқа да салаларында инновациялық шешімдер енгізу мәселелері, сондай-ақ негізгі жаһандық технологиялық трендтер талқыланды, деп хабарлайды Primeminister.kz сайты.

ТЖМ министрі Түркістан облысындағы су басу салдарын жою барысымен танысып, жергілікті тұрғындармен кездесті 3 ақпан 2023

ТЖМ министрі Түркістан облысындағы су басу салдарын жою барысымен танысып, жергілікті тұрғындармен кездесті

Юрий Ильин Сауран ауданының төрт елді мекенінде су басу салдарын жою барысымен танысты, деп хабарлайды ҚР ТЖМ Telegram-арнасы.

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді 3 ақпан 2023

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді

Бірлескен күшпен Майдантал ауылын су басуға жол берілмеді - Юрий Ильин Түркістан облысында су басу мәселелері бойынша жедел кеңес өткізеді 3 ақпан 2023

Бірлескен күшпен Майдантал ауылын су басуға жол берілмеді - Юрий Ильин Түркістан облысында су басу мәселелері бойынша жедел кеңес өткізеді

Құтқарушылар мен ЖАО тәулік бойы жұмысты жалғастыруда. 200-ден астам адам және 800-ге жуық ірі қара мал эвакуацияланды. Инертті материалдары бар 13 мыңнан астам қап төселді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды ҚР ТЖМ Telegram-арнасы.

Мемлекет 4.0 индустриясына ауысатын кәсіпорындарды қолдауға дайын 3 ақпан 2023

Мемлекет 4.0 индустриясына ауысатын кәсіпорындарды қолдауға дайын

Үкімет қолдау көрсетуден бастап шығындардың бір бөлігін өтеуге дейінгі заманауи цифрлық технологияларды енгізетін кәсіпорындар үшін қолдаудың бірнеше жолын ұсынуға ниетті, деп хабарлайды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.

Экспортты қолдау мемлекеттік бағдарламаларына қатысушылардың сату көлемі 2022 жылы 800 млн доллардан асты 3 ақпан 2023

Экспортты қолдау мемлекеттік бағдарламаларына қатысушылардың сату көлемі 2022 жылы 800 млн доллардан асты

Батыс Қазақстан облысында роуд-шоу басталды, соның барысында өңір кәсіпкерлеріне экспортты мемлекеттік қолдау шаралары таныстырылды. Іс-шараны Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының, «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қорының, сондай-ақ «AQJAIYQ» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қолдауымен әQazTradeә сауда саясатын дамыту орталығының сарапшылары өткізді, деп хабарлады ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі.

Түркістан облысы: бес елді мекенде су бұру жұмыстары жүргізілуде 3 ақпан 2023

Түркістан облысы: бес елді мекенде су бұру жұмыстары жүргізілуде

Қазіргі уақытта бес елді мекенде, атап айтқанда Бәйдібек ауданында Шаян мен Шақпақ, Сауран ауданында Шаға, Созақ ауданының Шолаққорған ауылдарында және Арыс қаласында  су бұру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Әлихан Смайылов пен Михаил Мишустин Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады 3 ақпан 2023

Әлихан Смайылов пен Михаил Мишустин Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Алматыда өтіп жатқан ЕҮАК отырысы аясында Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті, деп хабарлайды Primeminister.kz сайты.

Юрий Ильин Түркістан облысына барады. Облыста ҚР ТЖМ республикалық жедел штабы ұйымдастырылды 2 ақпан 2023

Юрий Ильин Түркістан облысына барады. Облыста ҚР ТЖМ республикалық жедел штабы ұйымдастырылды

Су тасқынының себебі - таулы жерлерде жауын-шашынның көп түсуі және қардың белсенді еруі. 300-ден астам адам, 50-ден астам техника, 25 мотопомпа суды сорып шығаруға және ағызуға жұмылдырылған, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысы өтуде 2 ақпан 2023

Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысы өтуде

Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамда өткен отырысында ЕАЭО аясындағы экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланады, деп хабарлайды Primeminister.kz сайты.

Түркістан облысында су тасқыны кезеңіндегі аэровизуалды шолу жұмыстары жалғасуда 2 ақпан 2023

Түркістан облысында су тасқыны кезеңіндегі аэровизуалды шолу жұмыстары жалғасуда

Түркістан облысы аумағында Сырдария өзені бойында орналасқан Отырар, Сауран аудандары мен Арыс қаласының аумағына  аэровизуалды шолу жұмыстары жалғасуда. Шолу барысында өзен бойына жақын орналасқан елді мекендер мен су нысандарының жай-күйіне бақылау жасалуда. Қазіргі уақытта облысымыздағы су қоймалардың деңгейі қалыпты жағдайда,  сондай-ақ барлық су нысандарының жағдайы мен деңгейін бақылау мақсатында облыстық су тасқынына қарсы комиссия құрылған, деп хабарлайды Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Астанада #EREKSHEteatr ерекше актерлер театрының гастролі өтеді 2 ақпан 2023

Астанада #EREKSHEteatr ерекше актерлер театрының гастролі өтеді

5 ақпанда елордалық көрермен «Sensitive» ерекше би ұжымының өнерін тамашалайды, оның құрамында есту қабілеті бұзылған бишілер бар. Екі мәрте Дельфий ойындарының чемпионы атанған ұжым «Сквозь тишину» концертін ұсынады. 6 ақпан күні #Мы с тобой одной крови атты әлеуметтік драмасын көрсетеді. Бұл Орталық Азиядағы ым тіліндегі жалғыз спектакль. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында Ұлттық Дельфий комитетінің директоры, #EREKSHEteatr авторы және продюсері Құралай Түспекова айтып берді.