Өңір жаңалықтары
Әділет министрі Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесті
Қанат Мусин сөзін Қазақстан Президентінің халыққа Жолдауы аясында айтқан реформалар топтамасынан бастады.
Экология министрі Астана қаласының тұрғындарымен кездесуде экологияны жақсарту шаралары туралы айтты
Еліміздің бас қаласының экологиясын жақсарту жөніндегі іс-шараларды іске асыру, су ресурстарының жай-күйі, қалдықтармен жұмыс істеу, рұқсат етілмеген қоқыстарды жою және орман шаруашылығын дамыту туралы елорда тұрғындарымен кездесу барысында Экология министрі Серікқали Брекешев баяндады.
Қонаев қаласында заманауи жаңа мектептер салынады
Алматы облысының тұрғындарымен кездесу барысында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов білім беру саласындағы проблемалық мәселелерді шешу бойынша жұмыс туралы айтып берді.
Екібастұз қаласында металлургиялық кластер құру жоспарланған
Мұнда өзара байланысты үш зауыт салу көзделіп отыр.
Президент «АрселорМиттал Теміртау» АҚ шахтасында қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына көңіл айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының Шахтинск қаласындағы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ шахтасында болған апат салдарынан қаза тапқан жұмысшылардың отбасылары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.
Абай облысында үздік логотип пен брендбук таңдалды
Сараптама комиссиясы облыстың үздік логотипі мен брендбукіне арналған конкурсты қорытындылады. Оның құрамында қоғам, өнер, БАҚ және Қазақстан Суретшілер одағының өкілдері бар. Дауыс беру нәтижелері бойынша «Семей коркем» жарнама агенттігінің жұмысы үздік деп танылды.
Алматыда экологиялық мәселелердің кең ауқымы талқыланды
Экология министрі С. Брекешев оңтүстік астананың тұрғындарымен кездесу өткізді.
Ақордада жаңартылатын энергия орталығын құру жобасы бойынша келісімге қол қойылды
Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишельдің Қазақстанға ресми сапары аясында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «HYRASIA ONE» компаниясы арасындағы «Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысында орналасатын Жаңартылатын энергия мен «жасыл» сутегін өндіру мен бөлу орталығын құру» жобасы бойынша инвестициялар туралы келісімге қол қойылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шарль Мишельге «жасыл» сутегін өндіру және тарату орталығының жобасы таныстырылды
«Ақорда» резиденциясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Еуропалық Кеңес Президенті Шарль Мишельге Маңғыстау облысында «жасыл» сутегін өндіру және тарату орталығын құру жобасы таныстырылды.
1 қарашадан бастап Астана-Павлодар бағытындағы тікелей әуе рейстері ашылады
Мемлекет басшысының Павлодар облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Астана-Павлодар бағыты бойынша тікелей әуе рейстерін ашу тапсырылған болатын. Осыған орай ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті тиісті жұмыстарды жүргізді.
«Алатау жастары»:Алматы облысында жастарға арналған бағдарлама басталады
Алматы облысының әкімдігі өңірге жастарды тарту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда. Республика күні қарсаңында жастарды өңірлерде жұмыс істеуге ынталандыру үшін жергілікті билік «Отбасы банкімен» бірлесіп «Алатау жастары» жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосуда. Жоба 35 жасқа дейінгі өңір тұрғындарына жеке тұрғын үй сатып алу үшін жеңілдетілген несие алуға мүмкіндік береді.
Қызылордада өткен халықаралық конференция барысында Арал өңірінің мәселелері талқыланды
Қызылордада «Арал өңірінің қоршаған ортасы және халық денсаулығы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының ашылуында Арал өңірі проблемаларына ғылыми көзқарастар және олардың халық денсаулығына теріс әсерін азайту туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова баяндама жасады.