Негізгі мазмұнға өту

Өңір жаңалықтары

ӨКҚ байланыс деректері
Суды ұтымды пайдалануды арттыру қажет – Әлихан Смайылов 24 мамыр 2022

Суды ұтымды пайдалануды арттыру қажет – Әлихан Смайылов

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері қаралды. ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев баяндама жасады.

Премьер 1 қыркүйекке дейін еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерін газдандыру туралы шешімді енгізуді тапсырды 24 мамыр 2022

Премьер 1 қыркүйекке дейін еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерін газдандыру туралы шешімді енгізуді тапсырды

Еліміздің елді мекендерін газдандыру мәселесі ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында талқыланды. Энергетика министрі Болат Ақшолақов, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, Нұр-Сұлтан қаласының және Батыс Қазақстан облысының әкімдері баяндама жасады.

Чехия трамвай өндірісін Қазақстанда орналастыруға мүдделі 24 мамыр 2022

Чехия трамвай өндірісін Қазақстанда орналастыруға мүдделі

KAZAKH INVEST ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасына сапармен «Zimatechnik» (Чехия) компаниясының өкілдері келді. Бір апта бойы әлеуетті инвесторлар Павлодар, Шығыс және Батыс Қазақстан облыстарындағы шаруа қожалықтарына барып, олардың тыныс-тіршілігімен танысты.

Алматыда «Ана мен бала» III Халықаралық форумы өтуде 19 мамыр 2022

Алматыда «Ана мен бала» III Халықаралық форумы өтуде

19 мамырда Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният өзінің жұмысын Алматыда бастаған «Ана мен бала» III Халықаралық форумының қатысушыларына арнаған сөзінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ана мен бала өлімін азайту үшін бірқатар жүйелі шаралар қабылданғанын хабарлады.

Қазақстанда жаңа кен орындарын ашу үшін айтарлықтай перспективалар бар 19 мамыр 2022

Қазақстанда жаңа кен орындарын ашу үшін айтарлықтай перспективалар бар

Алтын, қорғасын, мырыш. Қазақстанда жаңа кен орындарын ашу үшін айтарлықтай перспективалар бар. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ЭГТРМ Геология комитетінің төрағасы Талғат Сатиев мәлімдеді. Мысалы, алтын кен орындары – бұл Ақмола және Қостанай облыстарының, сондай-ақ елдің Орталық, Шығыс және оңтүстік өңірлерінің алаңдары. Жаңа қорғасын-мырыш кен орындарын Орталық және Оңтүстік Қазақстанда, Кенді Алтайда, сондай-ақ Ресей және Қытаймен шекаралас алаңдарда ашуға болады.

Пайдалы қазбалар қорларын есепке алу 103 компонент бойынша жүргізіледі 19 мамыр 2022

Пайдалы қазбалар қорларын есепке алу 103 компонент бойынша жүргізіледі

Бүгінгі күні ҚР пайдалы қазбаларының мемлекеттік теңгерімінде 8711 кен орны, оның ішінде көмірсутектер бойынша – 317, қатты пайдалы қазбалар бойынша – 910, кең таралған пайдалы қазбалар бойынша – 3160 және 4324 жерасты сулары кен орны есепке алынады. Мұнайдың теңгерімдік қоры 4,4 млрд тоннаны, газ – 2,1 трлн м3, конденсат – 416,2 млн тоннаны құрайды. Бұл ретте олардың басым бөлігі Атырау облысында шоғырланған – бұл шамамен 75% және Маңғыстау облысында – 11%. Көмірсутек шикізаты қорының 68%-ы 3 ірі кен орындарының үлесінде: Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитетінің төрағасы Талғат Сатиев осындай мәліметтерді жария етті. Жалпы пайдалы қазбалар қорының есебі 103 компонент бойынша жүргізіледі.

Президент Алматы қаласының әкімін қабылдады 18 мамыр 2022

Президент Алматы қаласының әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Алматының биылғы қаңтар-сәуір айларындағы экономикалық жағдайы туралы есеп берілді. Осы кезеңде қысқа мерзімді экономикалық индикатор 107,6 пайызға дейін көтерілген. Негізгі капиталға салынған инвестицияның өсімі 21,3 пайызға жеткен. Қаңтар оқиғасынан кейінгі қала экономикасының өсу қарқыны екінші жартыжылдықтың басында толық қалпына келеді деп болжанып отыр.

Түркістанда 9 мемлекет қатысқан Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесінің отырысы өтті 18 мамыр 2022

Түркістанда 9 мемлекет қатысқан Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесінің отырысы өтті

2022 жылғы 18 мамырда Түркістан қаласында Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесінің (бұдан әрі – ШӘҚК) 84-отырысы өтті. Биылғы жылы Кеңестің құрылғанына 30 жыл толды.

Мәжіліс депутаттары: Референдумда халық даусы шешуші рөл атқарады 16 мамыр 2022

Мәжіліс депутаттары: Референдумда халық даусы шешуші рөл атқарады

Мәжіліс депутаттарының аймақтарға сапары бүгін Ақмола, Алматы, Маңғыстау, Жетісу облыстарында жалғасты.

Мәжіліс депутаттары Түркістан өңірінде референдум бойынша насихат жұмыстарын жүргізуде 16 мамыр 2022

Мәжіліс депутаттары Түркістан өңірінде референдум бойынша насихат жұмыстарын жүргізуде

ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттары, «AMANAT» партиясының жанынан құрылған республикалық штаб мүшелерінің Түркістан облысы тұрғындарымен кездесулері 12 мамыр күні басталған болатын. Атап айтқанда, Дархан Мыңбай, Құдайберген Ержан, Қайнар Абасов және Сырым Ертаев жалпыұлттық референдум өткізу шараларына дейінгі халықты ақпараттандыру жұмыстарына қатысуда.

Премьер-Министр Ақтөбе облысында сәби өлімін азайту бойынша шаралар қабылдауды тапсырды 16 мамыр 2022

Премьер-Министр Ақтөбе облысында сәби өлімін азайту бойынша шаралар қабылдауды тапсырды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов екі күндік жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды. Сапар барысында Үкімет басшысы бірқатар әлеуметтік, инфрақұрылымдық және өндірістік объектілердің қызметімен танысады, ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларымен кездеседі, сондай-ақ облысты кешенді дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізеді.

Үкімет басшысы Ақтөбе облысында фермерлермен және экобелсенділермен кездесті 16 мамыр 2022

Үкімет басшысы Ақтөбе облысында фермерлермен және экобелсенділермен кездесті

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында бірқатар маңызды инфрақұрылымдық және өндірістік нысандарды аралады, сондай-ақ ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларымен және экобелсенділермен кездесу өткізді.