Өңір жаңалықтары
Орын алған жағдайлар анықталуда: «келіссөз жүргізуші» рота командиріне тіке оқ атқан
Қызылорда облысында қаза болған 24 адамға қатысты табельдік қаруды қолдану себептері анықталды. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов егжей-тегжейлі айтып берді.
165 қауіпсіздік қызметкері – ауысымда болған, бірақ әуежай күзетілмеген. Стратегиялық объектілерді қалдыру фактілері бойынша тергеу жалғасуда
Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарының Ұлттық қауіпсіздік комитеті және полиция департаменттерін, Алматы әуежайының ғимараттарын тастап кету фактілері бойынша жұмыс жалғастыруда. Бұл органдардың басшылары күдікті ретінде танылды. Бұған дейін хабарланғандай, Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары ұсталды. Ол қызметтік қаруды сақтауға жауапты болды және қару арсеналының бір бөлігін тоналуына жол берді. Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжановтың айтуынша, нәтижесінде қылмыскерлердің қолында 610 қару, соның ішінде автоматтар, тапаншалар мен гранатометтер болды.
Түркістан облысында «Өңірлік қауіпсіздік – 2022» бірлескен оқу-жаттығуы өтуде
2022 жылғы 6-12 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы мен ТМД-ға мүше елдердің әуе шабуылына қарсы қорғанысы біріктірілген жүйесінің бір бөлігі болып табылатын әуе қорғанысы күштері басқармасының арнайы автоматтандырылған платформасы базасында компьютерлік командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі.
ҚР ДСМ: Қызылорда облысында ана мен бала денсаулығын жақсарту мақсатында өткізілген штаб отырысында өзекті мәселелер талқыланды
ІІМ басшысы Қарағанды академиясының курсанттарымен және оқытушыларымен кездесті
ҚР ТЖМ: Қарағанды облысындағы су тасқыны жағдайы туралы
Жамбыл облысында ауа райының қолайлы болуына орай көктемгі егіс жұмыстары басталып кетті
Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 760 мың га алқапта егіліп, 2021 жылмен салыстырғанда 9,2 мың га ұлғайды. Өңірде ауа райының қолайлы болуына орай көктемгі егіс жұмыстары басталып кетті. Жоспарлы жыртылуы тиіс 106,4 мың га жердің 54,5 мың га алқапта айдау жұмыстары басталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ербол Жиенқұлов хабарлады.
Түркістан облысында жоспарланған жаздық дақылдардың 21% егілді
Биыл Түркістан облысында егіс көлемі 848,4 мың гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі. Өткен жылмен салыстырғанда егіс алқабы 3 мың га артып отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өңірдің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов хабарлады.
ҚР АШМ: Атырау облысындағы эпизоотиялық жағдай бақылауда
Ауыл шаруашылығы министрлігі Атырау облысындағы эпизоотиялық жағдайға қатысты Құрманғазы (9 бас) және Исатай (17 бас) аудандарында 26 бас жылқыдан ауру анықталғанын мәлімдейді. 2022 жылдың 30 наурызында 4 бас мал өлген, ал 22 бас малға дәрігер симптоматикалық ем жүргізіп жатыр. Ағымдағы жылдың 24 наурызында биологиялық материалдар алынып, жылқының ринопневманиясы мен инфекциялық анемия мен басқа да жұқпалы емес ауруларды зерттеу үшін «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК-ға жіберілді. 29 наурызда алынған зерттеу нәтижесі жануарларда жұқпалы ауру жоқ екенін көрсетті.
ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия отырысы
Бүгін елордада Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Кездесу гибридті– офлайн және онлайн форматта өтті. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және Қарағанды облысының әкімдіктері, сыртқы істер, ақпарат және қоғамдық даму, мәдениет және спорт, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері онлайн-режимде қосылды.
Түркістан облысының екі ауданында су шығару жұмыстарын осы аптаның соңына дейін аяқтау жоспарланған
11 наурыздан бері Түркістан облысының Мақтаарал және Жетісай аудандарында су сору жұмыстары жалғасуда. Аумақта жаңбыр 16 күннің ішінде бір айлық нормадан 68%-ға дейін жоғарылаған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ТЖМ Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісов хабарлады.
Алдағы демалыс күндері – тауға баруға болмайды. ТЖМ қар көшкіні болуы ықтимал деп ескертті
Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының таулы аймақтарында қардың қалың түскені байқалады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ТЖ министрі Юрий Ильин хабарлады. Ол тау бөктерінде тұратын адамдарға үндеу жолдады.