Негізгі мазмұнға өту

Өңір жаңалықтары

ӨКҚ байланыс деректері
Мектептерде үш ауысыммен оқу мәселесі шешіліп келеді – Ақтөбе облысының әкімі 4 қараша 2021

Мектептерде үш ауысыммен оқу мәселесі шешіліп келеді – Ақтөбе облысының әкімі

Көптеген өңірлерде үш ауысымды мектептер мәселесі және мектепке дейінгі мекемелердегі орын тапшылығы өзекті күйінде қалып отыр. Ақтөбе облысындағы жағдай қандай? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Оңдасын Оразалин журналистердің осы жайлы сұрағына жауап берді. Оның айтуынша, үш ауысымдық мектептер проблемасы бар, бірақ бұл Ақтөбе өңіріндегі халық санының өсуі мен бала туудың оң динамикасынан болып отыр.

2022 жылдың көктеміне қарай Ақтөбе қаласына дейін «Бұқара – Орал» газ құбырының үшінші желісі құрылысының ЖСҚ аяқталады 4 қараша 2021

2022 жылдың көктеміне қарай Ақтөбе қаласына дейін «Бұқара – Орал» газ құбырының үшінші желісі құрылысының ЖСҚ аяқталады

Ақтөбелік кәсіпкерлер жаңа инвестициялық бизнес жобаларды жүзеге асыру үшін тауарлық газдың жетіспеушілігіне шағымдануда. «ҚазТрансГаз Аймақ» кәсіпкерлерге газбен жабдықтау желілеріне қосылу үшін техникалық шарттарды беруді тоқтатты. Мұның себебі неде? Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің айтуынша, бұл мәселе оған мәлім. Ол техникалық мүмкіндіктерге қарай шешілуде.

Ақтөбе облысында соңғы 3 жылда 1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді 4 қараша 2021

Ақтөбе облысында соңғы 3 жылда 1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Ақтөбе облысы тұрғын үй құрылысы жөнінен көшбасшылардың бірі. Биыл өңірде 1 млн шаршы метрден астам тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Үй кезегіне тұрғандардың мәселесі қалай шешілуде? Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер облыс әкіміне осындай сұрақ қойды. Оңдасын Оразалин өңірде соңғы 3 жылда 1 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға берілгенін атап өтті.

О.Оразалин: Биыл облыста жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 66% жеткізілмек 4 қараша 2021

О.Оразалин: Биыл облыста жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 66% жеткізілмек

Ақтөбе облысы өзінің географиялық орналасуына байланысты айтарлықтай көлік әлеуетіне ие. Бұл ретте, бүгінде өңірдегі автожолдардың сапасын жақсарту мәселесі өзекті болып қалуда. Осыдан 14 жыл бұрынғы мәліметтерге сүйенсек, ол кезде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі небары 42% болған екен, ал 2019 жылы 56.5% құраған.

Мемлекет басшысы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовті қабылдады 27 қазан 2021

Мемлекет басшысы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының биылғы 9 айдағы қорытындысы баяндалды. Махамбет Досмұхамбетовтің айтуынша, облыстағы өңдеу өнеркәсібінде, құрылыс, ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнес пен өзге де салаларда өсім байқалады. Аймақ жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім, инвестиция және құрылыс жұмыстарының көлемі жағынан республика бойынша бірінші орынға шыққан.

Құс тұмауы бойынша эпизоотикалық ахуал тұрақты – Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті 26 қазан 2021

Құс тұмауы бойынша эпизоотикалық ахуал тұрақты – Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті

Қазақстанда құс тұмауы тіркелуде. Елімізде індеттің жойылмаған ошақтары қалды ма, әлде инфекция басқа жақтан келіп жатыр ма? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер спикерлерге осындай сұрақ қойды. ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының м.а. Бауыржан Абызбаевтың айтуынша, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында құс тұмауы тіркелді. Ресми ақпарат бойынша, дерт синатропты, жабайы құстардан жұққан.

Маңғыстау облысының әкімдігі қысқа жем-шөп сатып алатын операторларды анықтады – АШМ 18 қазан 2021

Маңғыстау облысының әкімдігі қысқа жем-шөп сатып алатын операторларды анықтады – АШМ

Үкімет резервінен Маңғыстау облысына 1,9 млн теңге бөлінді. Қазіргі уақытта 1,2 млн теңге игерілді. Азық құнын арзандату үшін ұйымдастырылған шаруа және фермерлік қожалықтарға да, жеке қосалқы шаруашылықтарға да қаржы бөлінді. 790 ШҚ және 7 мыңнан астам қосалқы шаруашылық мал ұстауға азық сатып алуға қаражат алды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев журналистердің сұрақтарына берген жауабында мәлімдеді.

Әлеуметтік нан бағасының күрт өсуіне жол берілмейді - АШМ басшысы 18 қазан 2021

Әлеуметтік нан бағасының күрт өсуіне жол берілмейді - АШМ басшысы

Биыл өнімділік өткен жылдарға қарағанда төмен. Шенеуніктер бұл жағдай ішкі нарыққа әсер етпейді деп сендіруде. Дегенмен, қазір ұн, нан бағасының көтерілгені байқалуда. Атап айтқанда, БҚО, Павлодар облысында нарықта реакция болды. Бұдан әрі жағдай қалай өрбиді? Жалпы, ауыл шаруашылығы министрлігі бағаны ұстап тұру және нарықты өнімдермен қанықтыру үшін қандай жұмыстар атқаруда? Шаралар кешені әзірленді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ведомство басшысы Ербол Қарашөкеев мәлім етті.

15 қазан 2021

Маңғыстау облысында халықты екпемен қамту көрсеткіші 45-46% жетті – А.Жұмыров

Маңғыстау облысы коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырғандар саны бойынша көш соңында келеді. Көрсеткіштің төмендігіне не себеп болып отыр? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер спикерлерге осындай сұрақ қойды. Оған өңірдің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек Жұмыров жауап берді.

Вакцинация жұмыстары күшейтілген режимде жалғасуда 15 қазан 2021

Вакцинация жұмыстары күшейтілген режимде жалғасуда

Өңірде вакцинация жұмыстары жалғасуда. Ағымдағы жылы 14 қазандағы жағдай бойынша I компонентпен – 161 814 (41,7%), II компонентпен 140 920 (36,3%) адам егілді. Сонымен қатар, өңірде науқас арасында вакцинаның І компонент алған 89 науқас, оның ішінде реанимация бөлімшесінде 2 науқас ем алды. ІІ компонент толық алған 65 науқас, оның ішінде реанимация бөлімшесінде 4 адам ем алды. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Гүлмира Қалмұратова осындай мәліметтерді келтіріп өтті. Вакцинация жұмыстарына қосымша барлық қажетті ресурстар жұмылдырылып, күшейтілген режимде жалғасуда.

Маңғыстау облысында санитарлық-эпидемиологиялық ахуал тұрақты – өңір әкімінің орынбасары 15 қазан 2021

Маңғыстау облысында санитарлық-эпидемиологиялық ахуал тұрақты – өңір әкімінің орынбасары

Маңғыстау облысында эпидемиологиялық жағдайы тұрақталып келеді. Қазргі кезде өңір «жасыл» аймақта. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңір әкімінің орынбасары Гүлмира Қалмұратова мәлімдеді.

Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевті қабылдады 14 қазан 2021

Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының биылғы 9 айдағы қорытындылары туралы баяндалды.