Өңір жаңалықтары
Нұр-Сұлтанда 2021 жылы ұзаққа созылған 57 нысанның құрылысы аяқталады
Нұр-Сұлтанда 2021 жылы құрылысы ұзаққа созылған үйлер саны 57-ге қысқарады. Нұр-Сұлтан әкімдігі үлескерлердің проблемасын шешу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте елорда әкімі Алтай Көлгінов хабарлады.
Биыл Нұр-Сұлтанда 143 мың тұрғын газға қосылады
Биыл Нұр-Сұлтанда тағы 143 мың тұрғын газбен қамтамасыз етіледі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 есе көп. Елордада газ тарату желілерінің құрылысы жалғасуда. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте елорда әкімі Алтай Көлгінов газдандыру барысы туралы баяндады.
Биыл Нұр-Сұлтанда 10 мың әлеуметтік жеңілдікті пәтер салынады
Биыл Нұр-Сұлтанда 10 мың әлеуметтік жеңілдікті пәтер салынады. Соңғы үш жылдың ішінде қолжетімді тұрғын үй саны 5,5 еседен астам ұлғайды. Елорда әкімі Алтай Көлгінов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қолжетімді баспана құрылысының қарқыны, тұрғын үй сертификатының көлемін ұлғайту және қатысушылар санатын кеңейту туралы баяндады.
Алматыда экологияны жақсарту бойынша әр пікірді ескереміз – мегаполис әкімі
Өткен екі жыл ішінде 72 қоғамдық кеңістік абаттандырылды. Биылғы жылы қаланың барлық аудандарындағы 23 кеңістікте жұмыстар жүруде. Сайран көлін абаттандыру жобасы жасалуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бақытжан Сағынтаев хабарлады.
Б. Сағынтаев: «Жаңа Алматы» кешенді даму жоспары барлық алматылықтардың тең жағдайлар мен сапалы өмір сүрулеріне бағытталған
Жайлы қала – бұл сапалы инфрақұрылым. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің құрылысы, көше жарығы және қалаға қосылатын шағын аудандардың жолдар туралы баяндады.
Б. Сағынтаев: Жаңа құрылыс ережелері Алматының тарихи орталығын сақтауды қамтамасыз етеді
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала аумағының сәулеттік келбетін қалыптастырудың және қала құрылысын жоспарлаудың жаңа талаптары туралы баяндады.
Б. Сағынтаев: Алматыда тау туризмі үшін қауіпсіз инфрақұрылым жасалуда
Еңбек өнімділігін арттыру және экономика құрылымын өзгерту үшін Алматы әкімдігі цифрландыруды, креативті индустрияны және туризмді дамыту арқылы құрылымдық маневр жүргізуде. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Б. Сағынтаев: Алматы үшін басты міндет – көмекке мұқтаж жандарға әлеуметтік қолдау көрсету
Әлеуметтік жағынан осал топтарға жататын 124 мыңға жуық алматылық қолдау шараларымен қамтылған. Бұл мақсатты іске асыру үшін 25 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді.
Алматының индустриялық аймағында жыл соңына дейін 40 млрд теңгенің 9 жобасы іске қосылады
Өнеркәсіптік саланы қолдау аясында Индустриялық аймақ дамытылуда. Жыл соңына дейін 40,3 млрд теңге сомасына 9 жоба іске қосылады, 823 жұмыс орны құрылады. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала экономикасының ежелгі салаларын қалпына келтіру жайлы баяндады.
Б. Сағынтаев: Алматыда 5 айда 31 мыңнан астам жұмыс орны құрылды
Мемлекет басшысының қазіргі бар жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңа жұмыс орындарын құру бойынша тапсырмасын орындау аясында 5 ай ішінде 31 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. бұл жоспарланған көрсеткіштің 61% құрайды. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында жұмыспен қамтуға және жұмысқа орналасуға ықпал ету шаралары туралы хабарлады.
Б. Сағынтаев: Дағдарысқа қарсы шаралар Алматы экономикасының тұрақтылығын сақтап қалды
Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында сөйлеген сөзінде Алматының ағымдағы жылдың 5 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады.
Алматыда 226 мың адам толық вакцинацияланды
Маусым айының басында эпидемиологиялық жағдай тұрақты болғанымен, қазір Үндістаннан «Дельта» штаммының келуіне байланысты күрделеніп барады Алматыда былтырдан бері 72 979 науқас тіркелді. Ай басында тәулігіне вирус жұқтырғандар саны 100-ден төмен болса, қазіргі кезде 181 науқас тіркелуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді.