Негізгі мазмұнға өту

Өңір жаңалықтары

ӨКҚ байланыс деректері
Елорда маңындағы ауылдар назарда. 2023 жылға дейін 59 жобаны іске асыру жоспарланған 18 маусым 2021

Елорда маңындағы ауылдар назарда. 2023 жылға дейін 59 жобаны іске асыру жоспарланған

Елорда маңындағы елді мекендерге баса назар аударылады. Биыл 5 айда кешенді жоспар мен қала маңын дамыту аясында инфрақұрылымдық жобаларға 17 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды. Орталық коммуникациялар қызметінде сөйлеген сөзінде Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Елорда маңындағы аймақты дамытуға тартылған инвестициялар салымының өсу динамикасын атап өтті.

35 мың ақмолалыққа «көгілдір отын» беріледі 18 маусым 2021

35 мың ақмолалыққа «көгілдір отын» беріледі

Аршалы және Целиноград аудандарының 20 елді мекенін газдандыру жұмыстары жалғасуда. Ауылдық жерлерде 35 мыңнан астам адам «көгілдір отынға» қосылу мүмкіндігіне ие болады. Бұл туралы Ақмола облысының басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Оның айтуынша, жұмыстар қарқынды жүріп жатыр.

Импортты алмастырудан экспортқа. Ақмола облысында Макинск құс фабрикасы толық жүктемемен жұмыс істейді деп күтілуде 18 маусым 2021

Импортты алмастырудан экспортқа. Ақмола облысында Макинск құс фабрикасы толық жүктемемен жұмыс істейді деп күтілуде

Ақмола облысында ет және сүт шаруашылығы белсенді дамуда. Ағымдағы жылы 6 мың бас асыл тұқымды және таза тұқымды ірі қара малдан тұратын ет фермаларын, сондай-ақ жалпы саны 4 мыңнан асатын 19 сүт-тауар фермасын құру бойынша 112 жоба қолға алынды. Жоспарларды іске асыру Азық-түлік нарығын сапасы мен бағасы бойынша әбден бәсекелі өз өндірісінің әлеуметтік маңызы бар өнімдерімен толтыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңір басшысы Ермек Маржықпаев мәлім етті.

Елдегі ең жақсы көрсеткіш. Ақмола облысында жыл басынан бері ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 96 млрд теңгені құрады 18 маусым 2021

Елдегі ең жақсы көрсеткіш. Ақмола облысында жыл басынан бері ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 96 млрд теңгені құрады

Ақмола облысы – негізгі ауыл шаруашылық өңірлерінің бірі. Республиканың ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің үлесі 11% - ды құрайды.

Алтынның әрбір үшінші килограммы Ақмола облысында өндіріледі 18 маусым 2021

Алтынның әрбір үшінші килограммы Ақмола облысында өндіріледі

Тау-кен металлургия өнеркәсібінде де тауашалы жобалар іске асырылуда. Биыл өңірде екі алтын шығаратын фабрика іске қосылады деп күтілуде. Олардың жалпы өңдеу қуаты жылына 10 млн тонна кенге жетеді. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді.

Өңдеуші өнеркәсіпке инвестициялар өсімінің серпіні сақталуда – Ақмола облысының әкімі 18 маусым 2021

Өңдеуші өнеркәсіпке инвестициялар өсімінің серпіні сақталуда – Ақмола облысының әкімі

Ағымдағы жылдың 5 айында өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе өсіммен 17 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды. Инвесторлар жыл соңына дейін инвестиция сомасы 150 млрд теңгеден асатын 23 жобаны іске қосуды жоспарлап отыр, оның жартысы тамақ өнеркәсібі жобалары. Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев өз баяндамасында осындай деректерді келтірді.

Ақмола облысында бағаны тұрақтандыруға 1 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді 18 маусым 2021

Ақмола облысында бағаны тұрақтандыруға 1 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өз баяндамасында азық-түлік бағасы туралы өзекті мәселені қозғады. Оның айтуынша, өсімді болдырмау бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.

Даму драйвері. Жыл басынан бері экономикаға 100 млрд теңге тартылды – Ақмола облысының әкімі 18 маусым 2021

Даму драйвері. Жыл басынан бері экономикаға 100 млрд теңге тартылды – Ақмола облысының әкімі

Ағымдағы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша экономиканың көптеген бағыттары бойынша жоспарлы индикаторлар орындалды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңір әкімі Ермек Маржықпаев мәлім етті.

Күрделі климаттық жағдайға қарамастан, ауыл шаруашылығы дамып келеді – М.Досмұхамбетов 18 маусым 2021

Күрделі климаттық жағдайға қарамастан, ауыл шаруашылығы дамып келеді – М.Досмұхамбетов

Атырау облысында ауыл шаруашылығы саласында 26 млрд теңгеге жуық өнім өндірілді. Күрделі климаттық жағдайға қарамастан осы саланы дамытуға ерекше көңіл бөлініуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов хабарлады.

Кешенді жоспарды жүзеге асыру өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа серпін береді - Атырау облысының әкімі 18 маусым 2021

Кешенді жоспарды жүзеге асыру өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа серпін береді - Атырау облысының әкімі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 21 мамырда Үкімет Атырау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын қабылдады. Құжат облыс тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелерді шешуге, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға және өңірдің кешенді дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Биыл 5 айда 291 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді – Атырау облысының әкімі 18 маусым 2021

Биыл 5 айда 291 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді – Атырау облысының әкімі

Ағымдағы жылдың 5 айында 291 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 2 145 пәтер пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 63% жоғары. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов хабарлады.

Атырауды көгалдандыру. Орман қорына 7 млн көшет, елді мекендерге – 540 мың ағаш отырғызылады 18 маусым 2021

Атырауды көгалдандыру. Орман қорына 7 млн көшет, елді мекендерге – 540 мың ағаш отырғызылады

Атырау облысында Президенттің 2025 жылға дейін орман алқабында жаппай ағаш егу мен елді мекендерді көгалдандыруды тапсырмасы бойынша ауқымды жұмыстар қолға алынды. Биыл көктемде 700 мыңға жуық екпе, 50 мыңға жуық ағаш көшеті отырғызылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңір әкімі Махамбет Досмұхамбетов хабарлады.