Негізгі мазмұнға өту

Өңір жаңалықтары

ӨКҚ байланыс деректері
Алматыда XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өз мәресіне жетті 16 қаңтар

Алматыда XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өз мәресіне жетті

Алматыда 10-15 қаңтар аралығында XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Биыл олимпиадаға математика, физика және информатика пәндерінен барлығы 612 оқушы мен 122 команда жетекшісі қатысты. Сайыскерлер әлемнің 16 елінен жиналды. Олардың арасында Армения, Әзербайжан, Беларусь, Болгария, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Пәкістан, Ресей, Румыния, Тәжікстан, Түркменстан, Индонезия, Үндістан және Өзбекстаннан келген оқушылар бар, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Президенттің Алматы облысын дамыту жөніндегі тапсырмалары: 1 трлн теңгеден астам инвестиция, агросектордағы көшбасшылық және Алатау қаласындағы серпінді жобалар 16 қаңтар

Президенттің Алматы облысын дамыту жөніндегі тапсырмалары: 1 трлн теңгеден астам инвестиция, агросектордағы көшбасшылық және Алатау қаласындағы серпінді жобалар

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларына сәйкес және Үкіметтің жоспарлы жұмысы шеңберінде 2025 жылы Алматы облысын дамыту халықтың әл-ауқатын арттыруға және өңірдің экономикалық әлеуетін нығайтуға бағытталды. Жұмыс орындарын құруға және инфрақұрылымды кешенді жаңғыртуға, ең алдымен облыс тұрғындарының 80%-дан астамы тұратын ауылдық жерлерде баса назар аударылды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Премьер-министр Алматы облысындағы бірқатар кәсіпорынды аралады 15 қаңтар

Премьер-министр Алматы облысындағы бірқатар кәсіпорынды аралады

Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы облысына жұмыс сапары барысында Президент белгілеген экономиканы әртараптандыру, өнеркәсіп өндірісі көлемін ұлғайту, терең өңдеу үлесін арттыру және экономиканың басым салаларына инвестициялар тарту жөніндегі мақсаттарға сай келетін бірқатар инвестициялық және өнеркәсіптік жобаның жүзеге асырылу барысымен танысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Премьер-министр Алатау қаласының инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларымен танысты 15 қаңтар

Премьер-министр Алатау қаласының инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларымен танысты

Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы облысына жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында Алатау қаласының базасында инвестицияларды, технологияларды және іскерлік белсенділікті тартудың жаңа полюсін қалыптастыру бойынша қойған міндеттерін жүзеге асыру барысымен танысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Қызылордада Инклюзивті спорт орталығы ашылды 12 қаңтар

Қызылордада Инклюзивті спорт орталығы ашылды

Қызылордада «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен салынған ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған Инклюзивті спорт орталығы ашылды. Жобаны іске асыруға 2 млрд 900 млн теңге бөлінді. Мұнда спортшыларға арналған волейбол, күрес, жалпы дене дайындығын жасауға арналған залдар қарастырылған. Бір мезетте 131 адамның спортпен жүйелі шұғылдануына мүмкіндік жасалған, деп хабарлайды Қызылорда облысының әкімдігі.

Абай облысында 5 мың бас ірі қараға арналған бордақылау алаңы іске қосылды 12 қаңтар

Абай облысында 5 мың бас ірі қараға арналған бордақылау алаңы іске қосылды

Абай облысының Ақсуат ауданында қуаттылығы 5 мың бас ірі қараға арналған заманауи мал бордақылау алаңы пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Алматыда Математика, физика және информатика бойынша Халықаралық Жәутіков олимпиадасы IZhO2026 өтеді 9 қаңтар

Алматыда Математика, физика және информатика бойынша Халықаралық Жәутіков олимпиадасы IZhO2026 өтеді

2026 жылғы 10-15 қаңтар аралығында Алматыда оқушыларға арналған математика, физика және информатика бойынша 22-ші Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтеді. Олимпиадаға әлемнің 16 елінен 612 оқушы мен 122 жетекші қатысады. Қатысушы елдер қатарында Армения, Әзербайжан, Беларусь, Болгария, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Пәкістан, Ресей, Румыния, Тәжікстан, Түрікменстан, Индонезия, Үндістан және Өзбекстан бар. Командалардың құрамы ұлттық пәндік олимпиадалардың нәтижелері бойынша анықталады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары XINFA GROUP басқарма төрағасының орынбасары Чжао Тинъюн мырзамен Павлодар облысында өнеркәсіп паркінің құрылысын талқылады 8 қаңтар

Премьер-министрдің бірінші орынбасары XINFA GROUP басқарма төрағасының орынбасары Чжао Тинъюн мырзамен Павлодар облысында өнеркәсіп паркінің құрылысын талқылады

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр XINFA GROUP басқарма төрағасының орынбасары Чжао Тинъюнмен Қазақстан аумағында қазіргі заманғы өнеркәсіптік парк құрылысының инвестициялық өзара іс-қимыл және практикалық аспектілері мәселелері бойынша кездесу өткізді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Алматыда 90 күнде өрт сөндіру бөлімі салынып, ашылды 8 қаңтар

Алматыда 90 күнде өрт сөндіру бөлімі салынып, ашылды

Алматыда №15 өрт сөндіру бөлімінің салтанатты ашылуы өтті.  Бұл мегаполистің өрт қауіпсіздігі жүйесіндегі жаңа тірек пунктіне айналған заманауи нысан. Жаңа бөлімшенің ерекшелігі – құрылыс жұмыстарының қысқа мерзімде аяқталуы: өрт сөндіру бөлімі жылдам тұрғызылатын модульдік конструкциялардан салынып, небәрі 90 күнде толықтай бой көтерді. Мұндай тәсіл қаладағы халқы тығыз орналасқан аудандардың қауіпсіздігін қысқа мерзімде күшейтуге мүмкіндік берді, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.

Қостанай облысында мүгедектігі бар балаларға арналған заманауи оңалту орталығы ашылды 8 қаңтар

Қостанай облысында мүгедектігі бар балаларға арналған заманауи оңалту орталығы ашылды

Қостанай қаласында психоневрологиялық патологиялары және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға арналған жаңа оңалту орталығы ашылды. Бұл жоба өңірде ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау және оңалту жүйесін дамытудағы маңызды қадам, деп хабарлайды Қостанай облысының әкімдігі.

СҚО-да аурухананы жөндеуге қайтарылған активтер қаражатынан 1,3 млрд теңге бөлінді 8 қаңтар

СҚО-да аурухананы жөндеуге қайтарылған активтер қаражатынан 1,3 млрд теңге бөлінді

Президенттің әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмалары шеңберінде Үкімет медициналық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстарын жүгізуде, соның ішінде елге қайтарылған заңсыз шығарылған активтер есебінен жүзеге асып жатқан жобалар да бар. Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша көпсалалы ауданаралық ауруханасын күрделі жөндеуді аяқтауға Арнаулы мемлекеттік қордан 1,3 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Қазақстандағы Цифрландыру және ЖИ жылы: Үкімет жұмысының басым бағытын белгіледі – экономиканың барлық салаларына технологияларды енгізу 6 қаңтар

Қазақстандағы Цифрландыру және ЖИ жылы: Үкімет жұмысының басым бағытын белгіледі – экономиканың барлық салаларына технологияларды енгізу

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту мәселесі қаралды. Атқарылып жатқан жұмыстар туралы Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов және Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов баяндады, деп хабарлайды Primeminister.kz.