Негізгі мазмұнға өту

Өңір жаңалықтары

ӨКҚ байланыс деректері
«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы: БҚО-да 50 медициналық нысан пайдалануға берілді 8 желтоқсан 2025

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы: БҚО-да 50 медициналық нысан пайдалануға берілді

Соңғы үш жылда Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік қолдаулардың нәтижесінде атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 45%-ға азайды. Облыста жұмыссыздық деңгейі - 4,8%, оның ішінде жастар арасындағы жұмыссыздық 3,6%-ды құрап отыр. Жыл басынан бері өңірлік жұмыс орындарын құру картасына сәйкес Enbek.kz биржасы арқылы 27 мыңнан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылды, оның 18 мыңы – ауыл тұрғындары. Бұл туралы облыс әкімі Нариман Төреғалиев ОКҚ алаңында айтты.

«Қаладан ауылға» жобасының арқасында БҚО-да кадр тапшылығы мәселесі шешіліп жатыр 8 желтоқсан 2025

«Қаладан ауылға» жобасының арқасында БҚО-да кадр тапшылығы мәселесі шешіліп жатыр

Батыс Қазақстан облысында іске қосылған «Қаладан ауылға» жобасы қысқа мерзім ішінде ауыл тұрғындары мен қоныс аударушылар тарапынан кең қолдау тапты. Жоба аясында қала аймақтарынан мыңға жуық тұрғыны бар 195 отбасы ауылға көшіп барды. Оның ішінде 600-і - бала. Қоныс аударған отбасылардың барлығы да баспанамен қамтамасыз етілді. Ауылдағы халық санын тұрақтандыру және экономикалық белсенділікті арттыруға бағытталған бағдарламаның нақты нәтижелері көріне бастады. Бұл жайлы өңір әкімі Нариман Төреғалиев ОКҚ алаңында хабарлады.

БҚО-да мал шаруашылығының өнімділігі мен сапасын арттыру үшін суармалы егіншілік алқабын кеңейтуге 3 млрд теңге бөлінді 8 желтоқсан 2025

БҚО-да мал шаруашылығының өнімділігі мен сапасын арттыру үшін суармалы егіншілік алқабын кеңейтуге 3 млрд теңге бөлінді

Батыс Қазақстан облысының табиғи климаттық ерекшеліктері мал өсіруге қолайлы. Соның нәтижесінде ауыл шаруашылығындағы жалпы өнімнің 60%-ы осы салаға тиесілі. Республика көлеміндегі етті бағыттағы ірі қара мал санының 42%-ы осы өңірде өсіріледі. Соңғы жылдары өңірдегі төрт түлік мал басы мен олардан алынатын өнім түрлері де тұрақты өсуде. Республика көлемінде облыс ірі қара мал басы саны бойынша 2-орында. Өңір әкімі Нариман Төреғалиев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.

Келер жылы БҚО-да қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін 70%-ға жеткізу көзделген 8 желтоқсан 2025

Келер жылы БҚО-да қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін 70%-ға жеткізу көзделген

Жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысында агроөнеркәсіп секторына 501 млрд теңге көлемінде қолдау көрсетілді. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 6,4%-ға артып, 281 млрд теңгеге жетті. 2025–2027 жылдары ауыл шаруашылығы саласында жалпы құны 68 млрд теңгені құрайтын 54 инвестициялық жобаны жүзеге асыру арқылы 870 жұмыс орнын құру жоспарланған. Ал, биыл жалпы құны 15,4 млрд теңге болатын 18 жоба іске асырылуда. Олар: 1,5 мың га суармалы жерлерді айналымға енгізу бойынша 5 жоба, 4,8 мың тонналық 2 тауарлы сүт фермасы және 3000 басқа арналған бордақылау алаңы. Бұл жайында өңір әкімі Нариман Төреғалиев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

Қызылорда облысында «Әкімнің цифрлық жұмыс орны» атты пилоттық жоба енгізілуде 5 желтоқсан 2025

Қызылорда облысында «Әкімнің цифрлық жұмыс орны» атты пилоттық жоба енгізілуде

Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев «Әкімнің цифрлық жұмыс орны» пилоттық жобасының жүзеге асырылуымен танысты. Аталған жоба Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан іске қосылған, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Алматы облысында жылына 70 мың тонна көкөністер және жемістер терең өңделетін зауыт салынуда 5 желтоқсан 2025

Алматы облысында жылына 70 мың тонна көкөністер және жемістер терең өңделетін зауыт салынуда

Алматы облысында көкөністер пен жемістерді терең өңдейтін заманауи зауыттың құрылысы басталды. Кәсіпорынның қуаттылығы – жылына 70 мың тонна деп межеленіп отыр. Жоба жоғары қосылған құны бар өндірістерді дамытуға, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешенінің экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталған, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Қызылорда облысында 1,5 мыңнан астам нысан мүгедектігі бар жандарға бейімделген 5 желтоқсан 2025

Қызылорда облысында 1,5 мыңнан астам нысан мүгедектігі бар жандарға бейімделген

Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында Қызылорда облысында 1578 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуеттік қорғау министрлігі.

Солтүстік Қазақстан облысының барлық ауданында IT-орталықтар ашылады 4 желтоқсан 2025

Солтүстік Қазақстан облысының барлық ауданында IT-орталықтар ашылады

Солтүстік Қазақстан облысында өңірдің алдағы 5 жылға арналған цифрлық стратегиясы әзірленді. Ол цифрлық инфрақұрылымды дамытуға, экономиканың салаларын трансформациялауға және халықтың цифрлық құзыреттерін арттыруға бағытталған. Бұл жұмыс туралы толығырақ облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ОКҚ алаңындағы баспасөз конференциясында айтып берді.

СҚО-да тұрғын үй қоры жаңартылып, инженерлік желілер жаңғыртылып жатыр 4 желтоқсан 2025

СҚО-да тұрғын үй қоры жаңартылып, инженерлік желілер жаңғыртылып жатыр

Солтүстік Қазақстан облысында тұрғын үй қорын жаңарту жұмыстары жалғасуда, елді мекендердің келбеті айтарлықтай өзгеріп келеді. Биыл жоспарланған 332 мың шаршы метрдің 194 мың шаршы метрі пайдалануға берілді, 15 үй (1 007 пәтер) салынды, коммерциялық сектордың үлесі артып келеді. Бұл туралы облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

СҚО-да Қазақстан-Қытай ғылыми-аграрлық орталығын құру жоспарланған 4 желтоқсан 2025

СҚО-да Қазақстан-Қытай ғылыми-аграрлық орталығын құру жоспарланған

Солтүстік Қазақстан облысында құны 894 млрд теңгені құрайтын 51 инвестициялық жобадан тұратын пул іске асырылуда, оларда 7,8 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құру көзделген. Жалпы, бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша тартылған тікелей инвестициялар көлемі жылдық жоспардан 2 еседен аса жоғары болды. 2 жыл ішінде жалпы сомасы 300 млрд теңгеден асатын 19 меморандумға қол қойылды. Бұл туралы облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ОКҚ алаңындағы баспасөз мәслихаты барысында хабарлады.

2029 жылға дейін Солтүстік Қазақстан облысы орталығындағы барлық көшеге толығымен асфальт төселмек 4 желтоқсан 2025

2029 жылға дейін Солтүстік Қазақстан облысы орталығындағы барлық көшеге толығымен асфальт төселмек

Солтүстік Қазақстан облысында автомобиль жолдарының ұзындығы 8,4 мың шақырымды құрайды. Еліміздегі жолдардың ұзындығы бойынша облыс 2-орында. Биыл жөндеу жұмыстарымен 1,1 мың шақырым жол қамтылды. Оның ішінде 467 шақырым – республикалық, 540 шақырым – жергілікті және 100 шақырым – кентішілік жолдар. 10 жылдан астам мерзім көлемінде жөнделмеген республикалық маңызы бар жолдарға ауқымды жөндеу жүргізілді. Оның ішінде «Петропавл-Жезқазған» және «Мамлютка-Қостанай» учаскелері жыл бойы халық үшін көліктік қолжетімділікті қамтамасыз етті. Бұл жайлы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Биыл СҚО-да сүт өндіретін 8 заманауи кешен іске қосылады 4 желтоқсан 2025

Биыл СҚО-да сүт өндіретін 8 заманауи кешен іске қосылады

СҚО аграрлық секторды дамытумен қатар мал шаруашылығында да елеулі нәтижелерге қол жеткізді. Бұл нәтижелер фермаларды жаңғырту, озық технологияларды енгізу және мал басын көбейту арқылы мүмкін болды. Ет өндірісі 68,5 мың тоннаны, сүт – 334 мың тоннаны, жұмыртқа – 530 млн дананы құрады. Сүт бағыты да белсенді дамып келеді. Облыс заманауи сүт кешендерін енгізу бойынша көшбасшы орынды сақтап отыр. Өңірде 110 сүт-тауар фермасы жұмыс істейді. Бұл еліміздегі барлық 373 ферманың 30%-ын құрайды. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.