Өңір жаңалықтары
Қостанай облысында 1200 бас малға арналған сүт-тауарлы ферма іске қосылды
Қостанай облысында 1200 бас ірі қара малға арналған заманауи сүт-тауарлы ферма пайдалануға берілді. Жалпы инвестиция көлемі 4,3 млрд теңгені құрайтын маңызды жобаны «Каменскуральск» ЖШС іске асырды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
ШҚО-да әлеуметтік және коммуналдық инфрақұрылымды кешенді жаңғырту жүзеге асырылуда
Биыл Шығыс Қазақстан облысында 380 мың шаршы метр тұрғын үй, оның ішінде 2,3 мың пәтерге арналған 29 көпқабатты үй, сондай-ақ «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында 350 пәтер пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Өңірде коммуналдық және энергетикалық жүйелерді жаңғырту бойынша шаралар да іске асырылып жатыр. Президенттің халықты орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы шеңберінде жыл соңына дейін 8 жаңа нысан пайдалануға беріледі. Бұл 4 мыңнан астам адамды сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов мәлімдеді.
ШҚО агроөнеркәсіп саласын дамыту мақсатында шет мемлекеттермен ынтымақтастық орнатуда
Ауыл шаруашылығы – ШҚО экономикасының стратегиялық мәні айрықша саласы. Биыл аймақтың аграрлық секторы тұрақты өсім көрсетуде. Астық өнімі 101,5%-ға, майлы дақылдар – 107%-ға артты. Қайта өңделген экспорттық өнім үлесі 66%-дан 71%-ға дейін өсті. Бұл жайында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
ШҚО-дан Қытайға әуе рейстерін іске қосу жоспарлануда
Шығыс Қазақстан облысында туризм мен заманауи инфрақұрылым белсенді дамып келеді. Жаңа әуежайлар мен жолдар салынып жатыр, тау шаңғысы саласына назар аударылып, халықаралық маршруттар іске қосылуда. Жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы әкім Нұрымбет Сақтағанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтып берді.
Шығыс Қазақстан облысында 1 трлн теңгеден астам сомаға инвестициялық жобалар іске асырылып жатыр
Шығыс Қазақстан облысы тұрақты дамуда. Барлық экономикалық көрсеткіш оң динамикаға ие. Жергілікті билік халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін нақты шаралар қабылдап жатыр. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов мәлімдеді.
26,7 мың адам скорингтік модель арқылы қосымша қолдау алды
Қарағанды облысы мен Шымкент қаласында отбасылардың әл-ауқатын анықтауда скорингтік модельді пайдалана отырып, мемлекеттік қолдау шараларын тағайындау бойынша пилоттық жобаны іске асыру жалғасуда. Қазіргі уақытта 4 мемлекеттік қызмет толығымен енгізілді, 26,7 мың өтініш берушіге қосымша қолдау шаралары көрсетілді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Ақтөбе облысы тұрғындарын табиғи газ және тұрғын үймен қамту қарқыны жоғары
Өңірдің өркендеуінде халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету шешуші рөл атқарады. Биыл Ақтөбе аймағындағы 4 ауыл сумен қамтамасыз етілді. Жыл соңына дейін 2 мыңға жуық тұрғыны бар 6 елді мекенді орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтау жұмыстары аяқталады. Сондай-ақ биыл 9 мыңға жуық тұрғыны бар 22 елді мекен газбен қамтамасыз етілді, жыл соңына дейін тағы 6 ауылға көгілдір отын жеткізілді. Бұл жайында Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.
Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығы саласын қолдауға 15 млрд теңге бөлінді
Ақтөбе өңірінде көрсетілген мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласында оң динамика сақталуда, осы жылдың 10 айында 353 млрд теңгеге жуық өнім өндірілді. Мал шаруашылығы саласында төрт түлік малдың басы өткен жылмен салыстырғанда 7%-ға өсті. Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін енгізу аясында «АЙС» сүт-тауар фермасына 2,5%-бен 7,5 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген несие берілді. Бүгінде 800 бас ірі қара малы әкелініп, бірінші кезеңі іске қосылды. Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.
Биыл Ақтөбе облысында құны шамамен 350 млрд теңге болатын 4 жобаны іске асыру жоспарланған
2025 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының экономикалық өсімі 103,6% деңгейінде қалыптасты. Инвестициялық тартымдылықты арттыру және шетелден қаржы көзін тарту бағытында жыл басынан бері өңір экономикасына 892 млрд теңге инвестиция тартылып, өсім 129%-ды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 217 млрд теңгеге артық. Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Ауқымды жаңғырту: Түркістан облысында ұзындығы 62 шақырымнан астам арық каналдарын бетонмен қаптау жұмыстары жүргізіліп жатыр
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Түркістан облысында Жетісай, Мақтаарал, Отырар және Созақ аудандарындағы 15 875 га суармалы жерге су жеткізуді жақсарту мақсатында ұзындығы 62 шақырымнан астам жер арық каналдарын ауқымды жаңғырту жұмыстарын бастады. Бұл жобалар инвестициялық бағдарламалар аясында жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды ведомствоның бапасөз қызметі.
Жамбыл облысында құс етін өңдейтін ірі кәсіпорын іске қосылды
Жамбыл облысында жылдық қуаттылығы 70 мың тонна болатын заманауи кәсіпорын іске қосылды. Инвестициялардың жалпы көлемі 19,8 млрд теңгені құрады. Жоба Мемлекет басшысының агроөнеркәсіп кешенін дамыту, қайта өңделген өнім үлесін арттыру жөніндегі тапсырмалары аясында жүзеге асырылды, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
МСАК жетістіктері: жүйелі шаралар халықты медициналық алғашқы көмекпен қамтуды 80%-ға дейін арттырды
Алматыда Денсаулық сақтау министрлігі қаланың Денсаулық сақтау басқармасымен және Primary Health Care Ұлттық қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырған «Қауымдастық – медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамытудың қозғаушы күші» халықаралық конгресі өтіп жатыр, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.