Өңір жаңалықтары
Ғалымдар Шет ауданында 25 жаңа тарихи ескерткіш тапты
Мамыр айының соңына дейін Сарыарқа археологиялық институтының ғалымдары Шет ауданында іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізді. Олар 25 жаңа тарихи-мәдени мұра ескерткішін тапты, деп хабарлайды Қарағанды облысының әкімдігі.
Семейде чиптер мен электронды қондырғыларды өндіретін индустриялық парктің құрылысы басталды
Семейде чиптер мен электронды қондырғыларды өндіретін индустриялық парктің құрылысы басталды. Бүгін жоғары технологиялық өнімдер өндіретін зауыттың іргетасын қалау рәсімі өтті. Жобаны қазақстандық-қытайлық бірлескен компания «SUTO KAZAKHSTAN» ЖШС Семейдегі «Өндіріс» индустриялық аймағында жүзеге асырады. Жаңа кәсіпорында чип, оптоэлектронды модуль, интеллектуалды хост-контроллер, қуат блогы, энергия үнемдейтін шамдар мен электронды дисплейлер өндіріледі, деп хабарлайды Абай облысының әкімдігі.
Петропавл қаласы туристік әлеуетті күшейтеді
Солтүстік Қазақстан облысы табиғи ресурстарды өңірдің мәдени-тарихи мұрасымен үйлестіре отырып, туристік саланы белсенді дамытуда. Имантау-Шалқар курорттық аймағы басым бағыт болып қала береді, алайда облыс орталығы – Петропавл қаласы да тартымдылыққа ие болуда, деп хабарлайды олыс әкімдігі.
Ұлытау өңіріндегі ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етуге қайтарылған активтер қаражаты жұмсалды
Қазақстанда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша заңсыз иемденілген активтер есебінен қаржыландырылатын әлеуметтік маңызы бар нысандар салу жобаларын жүзеге асыру жұмысы жалғасуда. Үкімет Ұлытау облысында су құбыры желілерін тартуға Арнаулы мемлекеттік қордан 570 млн теңгеден астам қаржы бөлді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Ақмола облысында 1000-нан астам объект мүгедектігі бар адамдар үшін бейімделген
Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында Ақмола облысында 1037 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында 530 пайдалы қазбалар кен орны мемлекеттік теңгерімге енгізілген
Қазақстанда минералдық-шикізат базасын толықтыру мақсатында геологиялық барлауды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде, деп хабарлайды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.
Қазақстанда алғашқы халықаралық аутлет орталығы салынады
Астанада өткен Халықаралық форум (AIF) аясында елімізде алғашқы халықаралық аутлет-орталығын салу туралы Бас келісімге қол қойылды. Ауқымды жоба Алматы облысында QSM тобының бастамасымен жүзеге асырылады. Жобаның стратегиялық серіктесі ретінде коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығында 60 жылдан астам тәжірибесі бар австриялық Ekazent Management GmbH компаниясы таңдалды, деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумының Пленарлық сессиясында сөз сөйледі
Астанада қазақ-француз мектебінің құрылысы басталды
Астана қаласында Қазақстан мен Франция арасындағы білім беруде жаңа бірлескен жоба қазақ-француз мектебінің құрылысы салтанатты түрде басталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Алматы қаласында жаңа картон мен қағаз өндіретін зауыт салынады
Алматы қаласының индустриялық аймағында жаңа картон мен қағаз өндіретін зауыт салу үшін 37,1 млрд теңге көлемінде инновациялық жоба қаржыландырылды. Болашақ кәсіпорынның бірегейлігі – шикізат ретінде қайта өңделген макулатураның пайдаланылатындығында, бұл экологиялық жүктемені азайтып, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға септігін тигізеді, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Шемонаиха қаласында «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында жаңа мектеп ашылды
Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха қаласындағы Теміржол шағын ауданында 300 орынға арналған заманауи мектеп пайдалануға берілді. Білім беру нысаны Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында салынды, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Халықты ауыз сумен қамту үшін 2500 шақырым су құбыры салынып жатыр
Еліміздің 9 облысында жалпы саны 30 су құбырын салу және қайта жаңарту жобасы жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, Ақмола, Атырау, Алматы, Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Ұлытау облыстарында, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.