Негізгі мазмұнға өту

Өңір жаңалықтары

ӨКҚ байланыс деректері
Степногорск қаласында жаңа мектеп пен спорт сарайы салынады: 22 млрд теңгеге меморандумға қол қойылды 15 мамыр 2025

Степногорск қаласында жаңа мектеп пен спорт сарайы салынады: 22 млрд теңгеге меморандумға қол қойылды

Степногорск қаласында 1000 орындық жалпы білім беретін мектеп пен көпфункционалды спорт кешені бой көтермек. Қала әкімдігі мен «АК Алтыналмас» акционерлік қоғамы арасында осы әлеуметтік маңызы зор екі нысанды салу жөніндегі меморандум жасалды, деп хабарлайды Ақмола облысының әкімдігі.

Қарағанды облысында заманауи сүт-тауар фермасы ашылды 14 мамыр 2025

Қарағанды облысында заманауи сүт-тауар фермасы ашылды

Қарағанды облысы Нұра ауданы Көбетей ауылында 1100 басқа арналған сүт-тауар фермасы ашылды. Нысан еуропалық стандарттар бойынша жабдықталған және өңірдегі ең ірі нысандардың біріне айналады, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

«Таза Қазақстан»: Қарағанды облысында ағаш көшеттері өсіріліп, орман алқаптары қалпына келтіріліп жатыр 8 мамыр 2025

«Таза Қазақстан»: Қарағанды облысында ағаш көшеттері өсіріліп, орман алқаптары қалпына келтіріліп жатыр

Қарағанды облысында ормандарды қалпына келтіріп қана қоймай, көшет материалдары да өсіріледі. Биыл ағаштар мен бұталардың түр құрамын кеңейтіп, қайың, долана және итмұрын тұқымдары егілмек. Сондай-ақ, тамыр жүйесі жабық қарағай көшеттерін өсіру кешенін құру жоспарланып отыр, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

Бүгін Астанадағы «Қазақ елі» алаңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған Әскери парад өтеді 7 мамыр 2025

Бүгін Астанадағы «Қазақ елі» алаңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған Әскери парад өтеді

Салтанатты іс-шараға елімізге мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам қатысады.

ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлері: Астанадағы парадқа кімдер қатысады 6 мамыр 2025

ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлері: Астанадағы парадқа кімдер қатысады

2025 жылғы 7 мамыр күні сағат 11:00-де Астанада Отан қорғаушы күні және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған ауқымды әскери шеру өтеді. Ұлы Отан соғысына қатысушылар, тыл еңбеккерлері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың, күш құрылымдарының ардагерлері мен әскери қызметшілері салтанатты шараның басты көрермені болмақ, деп забаралйды ҚР Қорғаныс министрлігі.

Денсаулық сақтау министрі жұмыс сапарымен Алматының медициналық және фармацевтикалық ұйымдарына барды 2 мамыр 2025

Денсаулық сақтау министрі жұмыс сапарымен Алматының медициналық және фармацевтикалық ұйымдарына барды

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жұмыс сапарымен Алматы қаласына барып, республикалық клиника мен медициналық бұйымдар шығаратын кәсіпорынның қызметімен танысты. Сапар шеңберінде министр медициналық бұйымдар шығаруға және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруға маманданған «Алмерек» ЖШС өндірістік алаңына барды, деп хабарлайды ведоствоның баспасөз қызметі.

Батыс Қазақстан облысында қуаты 12 мегаватт болатын жаңа жылу электр турбинасы іске қосылды 2 мамыр 2025

Батыс Қазақстан облысында қуаты 12 мегаватт болатын жаңа жылу электр турбинасы іске қосылды

Орал қаласындағы жылу электр орталығында қуаты 12 мегаватт болатын жаңа №1 турбина іске қосылды. Бұл турбинаның тозығы жетіп, 10 жыл бойы жұмысы тоқтап тұрған. Нәтижесінде ескі турбинаның орнына 3,2 млрд теңгеге жаңа турбина сатып алынып, пайдалануға берілді, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

Суару маусымын қалыпты өткізу үшін 2000 шақырым канал тазартылып жатыр 2 мамыр 2025

Суару маусымын қалыпты өткізу үшін 2000 шақырым канал тазартылып жатыр

Суару маусымының қалыпты өтуін қамтамасыз ету үшін «Қазсушар» кәсіпорны еліміздің 7 өңірінде жалпы ұзындығы 2011 шақырым болатын каналдарды механикалық жолмен тазартып жатыр. Бұл жұмыстар Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстарында жүргізілуде. Бүгінгі таңда 300 шақырымнан астам канал тазартылды, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.

Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту: Арнаулы мемлекеттік қордан Шығыс Қазақстан облысында дәрігерлік амбулатория салуға қаражат бөлінді 30 сәуір 2025

Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту: Арнаулы мемлекеттік қордан Шығыс Қазақстан облысында дәрігерлік амбулатория салуға қаражат бөлінді

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде заңсыз иемденілген активтерді қайтару есебінен әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылым нысандарын салу жобаларын жүзеге асыру жалғасуда, деп хабарлайды Primeminister.kz.

2026 жылға қарай Қарағанды облысының ауылдық медициналық мекемелерінің 50%-дан астамы жаңартылады 29 сәуір 2025

2026 жылға қарай Қарағанды облысының ауылдық медициналық мекемелерінің 50%-дан астамы жаңартылады

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру аясында Қарағанды облысында 92 нысан салу жоспарланған, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Атырауда жұмысшы жастардың республикалық форумы өтіп жатыр 28 сәуір 2025

Атырауда жұмысшы жастардың республикалық форумы өтіп жатыр

Мемлекет басшысының 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар» жылы деп жариялау бастамасын қолдау мақсатында Атырау қаласында жұмысшы жастардың республикалық форумы басталды. Форумға Алматы және Шымкент қалаларынан, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Ұлытау, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарынан 200-ден астам жұмысшы мамандықтар өкілдері мен студенттер қатысып жатыр, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады 28 сәуір 2025

Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Алматы облысының 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берілді.