Негізгі мазмұнға өту

Өңір жаңалықтары

ӨКҚ байланыс деректері
Зайсан әуежайында негізгі құрылыс жұмыстары басталды 28 наурыз 2025

Зайсан әуежайында негізгі құрылыс жұмыстары басталды

Бұл жұмыс Мемлекет басшысының Зайсан, Қатон-Қарағай және Кендірлі курорттық аймақтарында үш жаңа әуежай салу тапсырмасы аясында жүргізіліп жатыр. Көлік министрі Марат Қарабаев Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданындағы жаңа әуежай алаңында негізгі құрылыс жұмыстарының басталу барысымен танысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Олжас Бектенов Екібастұз ГРЭС аумағында энергетиканы дамыту мәселелері бойынша республикалық кеңес өткізді 27 наурыз 2025

Олжас Бектенов Екібастұз ГРЭС аумағында энергетиканы дамыту мәселелері бойынша республикалық кеңес өткізді

Премьер-министр Павлодар облысына жұмыс сапары барысында Президенттің энергетика саласына қатысты тапсырмаларының орындалу барысын тексерді. Олжас Бектенов Екібастұзда 1-МАЭС-ті жаңғырту нәтижелерімен, таза көмір технологиясын пайдалана отырып, 2-МАЭС-ті реконструкциялау және МАЭС-3 стансасы құрылысы жобаларын жүзеге асырудың басталуымен танысты. Мұнда экономиканың өсіп келе жатқан қажеттіліктері, жаңа өндіріс орындарын іске қосу және белсенді цифрландыру аясында саланы дамыту мәселелері бойынша республикалық кеңес өтті, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Ақтөбе облысында «Ауыл Аманаты» жобасы аясында бөлінген қаражат толығымен игерілді 27 наурыз 2025

Ақтөбе облысында «Ауыл Аманаты» жобасы аясында бөлінген қаражат толығымен игерілді

2023-2024 жылдар аралығында Ақтөбе облысында «Ауыл Аманаты» жобасы аясында 15 млрд теңге қаражат бөлініп, толығымен игерілді. 2025 жылы бұл бағдарламаға республикалық бюджеттен 4 млрд теңге қарастырылды, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

Премьер-министр Павлодар облысында Президенттің өнеркәсіпті дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысты 27 наурыз 2025

Премьер-министр Павлодар облысында Президенттің өнеркәсіпті дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысты

Премьер-министр Олжас Бектенов Павлодар облысына жұмыс сапары аясында «KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС және «Қазақстанның вагон жасау компаниясы» ЖШС-ға барып, кәсіпорын өкілдерімен кездесті. Онда Мемлекет басшысының өнеркәсіпті дамыту, отандық тауар өндірушілерді қолдау және цифрлық шешімдерді енгізу жөніндегі тапсырмаларының іске асырылу барысы мен шаралары талқыланды, деп хабаралйды Primeminister.kz.

Аралық қорытындылар: 88 мыңға жуық талапкер наурыз айындағы ҰБТ-ны тапсырды 26 наурыз 2025

Аралық қорытындылар: 88 мыңға жуық талапкер наурыз айындағы ҰБТ-ны тапсырды

Наурыз айындағы ҰБТ-ның үш аптасында 88 мыңға жуық адам тест тапсырды. Шекті балды 72%-ға жуық талапкер жинады. Тестілеу нәтижесі бойынша орташа балл 65 балды (бес пән бойынша) құрады. Ең жоғары балл – 139, оны Алматы қ. және Шығыс Қазақстан облысында оқитын 2 талапкер жинады, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.

Қайтарылған активтер есебінен Ақмола облысының 10 ауылында жаңа медициналық нысандар салынады 26 наурыз 2025

Қайтарылған активтер есебінен Ақмола облысының 10 ауылында жаңа медициналық нысандар салынады

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Үкімет елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылым салу жөніндегі жобаларды жүзеге асырып келеді. Ақмола облысының бірқатар ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттер (ФАП) мен дәрігерлік амбулаториялар құрылысын аяқтау жұмыстарына Арнаулы мемлекеттік қордан 1,7 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Астанада Бауыржан Момышұлы туралы деректі-тарихи көрме ашылды 20 наурыз 2025

Астанада Бауыржан Момышұлы туралы деректі-тарихи көрме ашылды

Елордадағы Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығында Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Әскери-тарихи мұражайымен бірлескен Кеңес Одағының Батыры, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына арналған деректі-тарихи көрме ашылды. Іс-шара Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орайластырып отыр, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігі.

Президент тапсырмасымен Өскемендегі Гематология орталығы құрылысына 33,6 млрд теңге бөлінді 20 наурыз 2025

Президент тапсырмасымен Өскемендегі Гематология орталығы құрылысына 33,6 млрд теңге бөлінді

Үкімет Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысы барысында алға қойған Өскемендегі Гематология орталығын жеделдетіп пайдалануға беру туралы тапсырмасын жүзеге асыру аясында Арнаулы мемлекеттік қордан 33,6 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Қазақстанда өсімдік майы өндірісі 26%-ға артты 18 наурыз 2025

Қазақстанда өсімдік майы өндірісі 26%-ға артты

2024 жылы майлы дақылдар алқабы 2,9 млн га дейін жеткізілді. Майлы дақылдар егістіктерінің ең көп алқаптары Солтүстік Қазақстан (жалпы егіс алқабының 23,3%), Қостанай (23%), Павлодар (12,5%), Абай (10,2%), Ақмола (9,2%) және Шығыс Қазақстан (7,7%) облыстарына тиесілі, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Өрт датчиктерін орнату 248 адамның өмірін сақтап қалды 17 наурыз 2025

Өрт датчиктерін орнату 248 адамның өмірін сақтап қалды

Ағымдағы жылыту кезеңінде ең көп өрт Павлодар облысында тіркелді – көрсеткіш 2,3 есеге артты. Жетісу облысында өрт кезінде қаза тапқандар саны 4,6 есеге өсті. Жылыту кезеңі өрттің туындау қаупі жоғары уақыт екенін ескере отырып, Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғын үй секторында дайындық профилактикалық жұмыстарын үнемі жүргізіп отырады. ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының м.а. Ерлан Төрегелдиев өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоның жүргізіп жатқан жұмысы туралы айтты.

Оңтүстік облыстардың шаруаларын суармалы сумен қамту үшін Шардара қоймасына 15 млн текше метрге көп су жиналды 17 наурыз 2025

Оңтүстік облыстардың шаруаларын суармалы сумен қамту үшін Шардара қоймасына 15 млн текше метрге көп су жиналды

Оңтүстік облыстардың шаруаларын суармалы сумен қамту үшін Түркістан облысындағы Шардара қоймасы 4 млрд 698 млн текше метр су жинап, 90% толды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15 млн-ға көп. Бүгінгі таңда оңтүстіктегі қоймалар суару маусымында жергілікті шаруалардың сұранысын қанағаттандыру үшін белсенді су жинап жатыр, деп хабарлады ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың IV отырысына қатысты 14 наурыз 2025

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың IV отырысына қатысты

Президент Көкше төріндегі құрылтайда осыдан үш жыл бұрын наурыз айында жариялаған Жолдауына сай жүргізілген қоғамдық-саяси реформаларға тоқталып, ел ішіндегі оң өзгерістерге Ұлттық құрылтай мүшелері де орасан зор үлес қосқанын атап өтті.