Өңір жаңалықтары
Биыл Түркістан өңіріне 888,5 млрд теңге инвестиция тартылды
Түркістан облысына инвестиция тарту және тәжірибе алмасу мақсатында Қытай, Ресей, Австралия, Өзбекстан, Катар және Оңтүстік Корея елдеріне Түркістандық кәсіпкерлердің сапарын ұйымдастырып, алпауыт компаниялармен маңызды келіссөздер жүргізілді. Нәтижесінде, шетел капиталының қатысуымен жалпы құны 910 млн АҚШ долларын құрайтын инвестициялық жобалар басталды. Мәселен, өңірде Өнеркәсіптік жылы-жай кешені, Алюминий бұйымдарын шығару, Өнеркәсіптік тоңазытқыштар шығару, Каустикалық сода, пвх, кальций карбиді, әк цемент шығаратын зауыт, Фосфорит кендерін өңдеу зауыты, Мұнай өңдеу зауыты ашылмақ. Бұл жайлы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ОКҚ көшпелі баспасөз конференциясында хабарлады.
Түркістан облысының жалпы өңірлік өнім көлемі 4 трлн теңгеге жетті
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Түркістан облысына инвестиция тарту бойынша нақты жұмыстар атқарылып жатыр. Өңір әкімі Дархан Сатыбалды ОКҚ көшпелі баспасөз конференциясында атап өткендей, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының 10 айында оң өсім бар. Өнеркәсіп өнім көлемі 8,8%-ға артып, 960 млрд теңгеден асты.
Павлодар облысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және қоғамдық көлік тапшылығы мәселелері шешілуде
Павлодар облысының инженерлік инфрақұрылымының басым бөлігі ескірді. Сондықтан бұл мәселені шешу үшін желілерді жаңарту және энергия көздерін дамытуға басымдық берілуде. Жыл сайынғы жөндеу науқаны 3 қаланың тәуелсіз жылу-техникалық аудитінің қорытындысы және жүргізіліп жатқан гидравликалық сынақтар негізінде ұйымдастырылды. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов ОКҚ алаңында хабарлады.
Павлодар облысы 2024 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша инвестициялардың өсу қарқыны бойынша республикада 2-орында
Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша Павлодар облысы барлық негізгі макрокөрсеткіш бойынша оң динамиканы көрсетуде. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,8 трлн теңгеге жетті, өңдеу секторы 8%-ға өсті. Өңір өңдеуші өнеркәсіп көлемі бойынша ел көшбасшыларының үштігіне және шикізаттық емес экспорт көлемі бойынша ТОП-5-ке кірді.
Қазақстанда тағы екі жайлы мектеп ашылды
Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Астана қаласы мен Жамбыл облысында 2000 және 1200 оқушыға арналған заманауи екі мектеп ашылды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Шымкент шаһарының бюджеті 779 млрд теңгені құрады
Экономиканың тұрақты динамикалық өсімімен бірге Шымкент қаласының қазынасы да артып келеді. Биыл бюджет көлемі 779 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 123 млрд теңгеге артты. Қаланың экономикалық белсенділігін ескере отырып, республикалық бюджетке тәуелділікті азайту жоспарда бар. Осы бағытта кірістер органдарымен бірлесе жүйелі жұмыстар атқарылуда. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков ОКҚ көшпелі брифингінде осылай деді.
Шымкент қаласын абаттандыру және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қабылданып жатыр
Алдағы 5 жылда Шымкентте 600 мың ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. Биыл 200 мыңға жуық ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілуде. Қала тұрғындарына арналған демалыс аймақтарын құру мақсатында «Шымкент сити» шағын ауданында 20 га жерде орналасқан саябақ пайдалануға берілді. Бұл жерде 7 мың шаршы метр жасанды көл, амфитеатр, спорт-ойын алаңшаларымен бірге, биіктігі 100 метр «Ту тұғыры» орнатылды. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков ОКҚ брифингінде айтты.
Жыл соңына дейін Шымкентте 286 шақырым жолдың құрылысы аяқталады
Шымкент мегаполис болғалы көлік саны жыл сайын артып келеді. Ресми түрде тіркелген көліктер саны 460 мыңнан асты. Одан бөлек, облыс аумағынан күн сайын 100 мыңға жуық көлік қатынайды. Бұл қаланың жол инфрақұрылымына едәуір жүктеме түсіруде. Мәселені шешу мақсатында биыл бюджеттен бөлінген қаражат көлемін 13,2 млрд теңгеге ұлғайтылып, 60 млрд теңгеге жеткізілді.
Биыл Шымкент қаласында 55 тұрғын үй пайдалануға беріледі
Биыл Шымкентте 978 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өткен жылмен салыстырғанда 42%-ға өсті. Жыл соңына дейін көрсеткішті 1 миллион 360 мың шаршы метрге жеткізу көзделуде. Дегенмен, халық санының қарқынды өсуіне байланысты баспанаға деген қажеттілік өзекті болып тұр. Әлеуметтік тұрғын үй кезегінде тұрғандар саны 51 мыңнан асты. Мәселені шешу үшін 4830 пәтерлі 92 әлеуметтік тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, жыл соңына дейін 2094 пәтерлі 55 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл жайлы Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков ОКҚ көшпелі брифингінде хабарлады.
Шымкент қаласында білім беру, денсаулық сақтау және спорт салаларын дамытуға ерекше мән беріліп отыр
Қазір Шымкенттегі 13 елді мекенде мектеп жоқ және 21 мектепте орын тапшылығы бар. Президент бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында қалада 28 мың оқушыға арналған 18 мектеп салу жоспарланған. Оның ішінде 3 200 орындық 2 мектеп пайдалануға тапсырылып, 10 мектептің құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан» 3 мектептің құрылысына 7,9 млрд теңге қаралды. Одан бөлек, инвесторлардың жеке қаражаты есебінен 2 800 орындық 5 мектеп пайдалануға берілді. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков ОКҚ көшпелі баспасөз конференциясында осылай деді.
Шымкент тұрғындарының жалақысын көтеруге жергілікті бюджеттен 10 млрд теңге бөлінді
Шымкентте шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуда оң өзгерістер байқалады. Бұл бағыт қала экономикасының негізі болып табылады. Нарықта белсенді жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 136 мыңнан асып, онда жұмыспен қамтылғандар саны 226 мыңға жетті. Бүгінде шағын және орта кәсіпкерлікпен өндірілген өнім көлемі қала экономикасының 56%-ын құрап отыр. Биыл кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларына 23,5 млрд теңге қаралып, есепті кезеңде 15,5 млрд теңгені құрайтын 3 734 жобаға қолдау көрсетілді. Бұл жайлы Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков ОКҚ көшпелі баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Шымкентте құны 166 млрд теңгені құрайтын 46 ірі заманауи кәсіпорын ашылады
Осы жылдың10 айында Шымкент қаласының экономикалық өсімі 12%-ға жетті. Бұл көрсеткіш республика бойынша алдыңғы қатарда. Оның ішінде, тартылған инвестиция 9%-ға, құрылыс жұмыстарының көлемі 27%-ға, пайдалануға берілген тұрғын үй алаңы 42%-ға, сауда көлемі 19%-ға, көлік қызметі 26%-ға, өнеркәсіптегі өнім көлемі 2%-ға артты. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков ОКҚ брифингінде хабарлады.