Күн жаңалықтары
21.02.2025
Жарияланымдар · 18
Экология министрлігінің өкілдері орман өртімен күрес туралы айтты
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ақпараты бойынша, өткен жылы мемлекеттік орман қоры аумағында 294 орман өрті тіркелген, 2023 жылы 810 өрт болды. Орман өрттерінің жалпы ауданы 44 990 га құрады, оның ішінде 14 415 га орманда болған, бұл 2023 жылғы деңгейден 2,5 есеге төмен. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нүркен Шарбиев мәлімдеді.
Қазақстандық ғалымдар ағаш егудің жаңа технологияларын сынақтан өткізеді
Жұмыстарды ғылыми сүйемелдеу мақсатында Қызылорда қаласында Қазақ орман шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының филиалы құрылады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нүркен Шарбиев мәлімдеді.
Ғылым мен жоғары білім беруді цифрландыру, AI-Sana инновациялық бағдарламасы
АҢДАТПА!
Қазақстан мемлекеттік экологиялық бақылауды күшейтуді жоспарлап отыр
Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар министрлігі 2025 жылға арналған бірқатар нақты міндетті айқындады. Жұмыстың негізгі бағыттарын ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында вице-министр Жомарт Әлиев айтты.
Қазақстан экология мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастық саясатын жалғастыруда
Былтыр халықаралық ынтымақтастық аясында Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар министрлігі қызметкерлері бірқатар ірі іс-шараға, соның ішінде «ШЫҰ Экология жылы» шеңберіндегі іс-шараларға, БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы тараптарының 29-конференциясына, екіжақты кездесулерге, соның ішінде іргелес мемлекеттермен трансшекаралық ынтымақтастық жөніндегі жұмыстарға қатысты. Нәтижесінде экология және табиғи ресурстар саласындағы 14 халықаралық құжатқа қол қойылды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында вице-министр Жомарт Әлиев мәлімдеді.
Таза Қазақстан: 2024 жылы шамамен 1,6 млн ағаш отырғызылды
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, дүлей қоқыстарды анықтау және жою бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді. 2024 жылғы ғарыштық мониторинг деректеріне сәйкес, 2447 елді мекеннің аумағында, бұл 50 шақырым радиусы бар 46 аймақ, 4 886 рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері анықталды, олардың 4 423 объектісі немесе 91%-ы жойылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев мәлімдеді.
Қазақстанда 970 тоннадан астам иесіз қауіпті қалдықтар жойылды
Мемлекет басшысының ірі қалаларда тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу зауыттарын салу жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде I кезеңде жалпы сомасы 307,1 млрд теңгеге 65 жоба мақұлданды. 5 жоба бойынша «Жасыл даму» АҚ Өнеркәсіпті дамыту қорына 3,5 млрд теңге қаражат бөлді, оның ішінде 3,4 млрд теңгеге 4 жоба бойынша қаражат түпкілікті қарыз алушыға жіберілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев мәлімдеді.
Су тасқыны қаупі бар учаскелерде жаңа гидрологиялық бекеттер ашылады – ҚР Экология министрлігі
Қазақстанда гидрологиялық мониторинг және болжау жүйесін жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев мәлімдеді.
Қазақстанда зиянды шығарындылар көлемі азайды
Биылдан бастап 28 кәсіпорын үшін шығарындылар, төгінділер, қалдықтарды көму, күкіртті ашық түрде орналастыру бойынша төлемақы мөлшерлемелері екі есеге ұлғаяды. Сонымен қатар қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйелерін орнату жұмыстары аяқталуда. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев мәлімдеді.
Алматыда Жошы Ұлысының 800 жылдығына арналған көрме ашылды
ҚР Мемлекеттік орталық музейінде Жошы Ұлысының 800 жылдығына арналған «Алтын Орда кезеңінің тарихи-мәдени мұрасы» атты көрменің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Агроөнеркәсіп секторын дамытуға кем дегенде 1,5 трлн теңге бағытталады
Аграрлық сектор саласындағы инвестициялық жобаларды дамыту үшін 2025 жылы Аграрлық несие корпорациясы (АНК) және «ҚазАгроҚаржы» арқылы шамамен 1,5 трлн теңге қаражат бағытталады. Қаражат көктемгі егіс және жиын-терім жұмыстарын жүргізуге, инвестициялық жобаларды іске асыруға, негізгі құралдарды сатып алуға және айналым қаражатын толықтыруға, ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне беріледі, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Үкімет экономиканың нақты секторын ауқымды қаржыландыруға кірісуде
Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру және экономикаға инвестициялар тарту туралы тапсырмасы бойынша Үкімет қаржылық даму институттары арқылы ШОБ өңдеу өнеркәсібі және ірі бизнес саласындағы инвестициялық жобаларды, оның ішінде жеңіл өнеркәсіп, химия өнеркәсібі, тамақ өнімдерін және құрылыс материалдарын өндіру, машина жасау, жүк тасымалдау, негізгі жобаларды, ШОБ дамыту үшін экоорта қалыптастыратын инфрақұрылымдық және кластерлік жобаларды қолдаудың ауқымды науқанын бастайды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жоғары аудиторлық палатаның былтыр атқарған қызметінің қорытындылары мен осы жылға арналған жоспары жөнінде мәлімет берілді.
Өңірлер ваучерлік қаржыландыруды енгізу тәжірибесін меңгеруде
Қазақстанның мектепке дейінгі ұйымдарында ваучерлік қаржыландыруды енгізу қарқынды жалғасуда. 2025 жылдың басынан бұл жүйеге елордалық мектепке дейінгі ұйымдар да қосыла бастады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Үкімет өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша талаптарды күшейтеді
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының қауіпті өндіріске тартылған азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Алматыда Орталық Азиядағы ең ірі халықаралық робототехника және дрондар чемпионаты өтеді
Турнирге 3 мыңнан астам адам қатысады, соның ішінде Қазақстан, Үндістан, Түркия, Моңғолия, Түрікменстан, Қырғызстан және Өзбекстаннан келген 20 шетелдік команда бар.
Қарағанды облысында мыңнан астам объект мүгедектігі бар адамдар үшін бейімделген
Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында Қарағанды облысында 1080 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
«Таза Қазақстан»: Сәтбаев университетінде студенттік экохаб ашылды
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Алматы қаласындағы Сәтбаев университетінің базасында алғашқы экохаб (экоорталық) іске қосылды. Жоба студенттерді қалдықтарды бөлек жинауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға тартуды көздейді, деп хабарлайды ҚР Ғылым жне жоғары білім министрлігі.