Күн жаңалықтары
18.03.2025
Жарияланымдар · 16
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путин мен Дональд Трамптың Украина бойынша телефон арқылы келіссөзінің қорытындысын құптайды
Елімізде креативті индустрия субъектілері мен осы салада жұмыс істейтіндер саны 15%-ға артты
Үкімет отырысында ҚР мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева республикадағы креативті индустрияны дамыту жұмыстары туралы баяндады. Ол 2021 жылдан бері Президент өзінің Қазақстан халқына Жолдауларында ел экономикасында осы сектордың үлесін арттырудың маңызын бірнеше рет атап өткеніне тоқталды. Республикада арнайы жобалық кеңсе жұмыс істейді, саланы дамыту тұжырымдамасы қабылданды, оны институционалдық тұрғыда қалыптастыру және осы саладағы бизнесті ынталандыру бойынша жұмыс жүргізілді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Қазақстанда өсімдік майы өндірісі 26%-ға артты
2024 жылы майлы дақылдар алқабы 2,9 млн га дейін жеткізілді. Майлы дақылдар егістіктерінің ең көп алқаптары Солтүстік Қазақстан (жалпы егіс алқабының 23,3%), Қостанай (23%), Павлодар (12,5%), Абай (10,2%), Ақмола (9,2%) және Шығыс Қазақстан (7,7%) облыстарына тиесілі, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
Президентке еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, өркендеудің жаңа бағыттары және экономикалық реформаларды жүзеге асыру жұмыстары жөнінде баяндалды. Биылғы қаңтар-ақпан айларында экономиканың өсімі 5,4 пайызды құрады.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев телефон арқылы сөйлесті
Президенттер бір-бірін келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтап, бауырлас халықтарға бақ-береке тіледі.
Алмасадам Сәтқалиев ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы болып тағайындалды
Қазақстандық кино өндірісі былтыр 58%-ға өсті: Олжас Бектенов креативті саланы дамыту бойынша бірқатар тапсырма берді
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында креативті индустрияны дамыту және мәдениет пен өнер салаларын цифрландыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Президент «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды
Елімізде гипермасштабталатын деректерді өңдейтін ең ірі орталық құрылады
Қазақстанда сингапурлық инвесторлар – GK Hyperscale Ltd компаниясының қатысуымен гипермасштабталатын деректерді өңдеу орталықтарын (ДӨО) салу бойынша стратегиялық маңызды жоба іске қосылады. Премьер-министр Олжас Бектенов Инвестормен келісім туралы тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Білім беру ұйымдарында тәрбие жұмыстарының жүргізілуі
АҢДАТПА!
Сот сараптамалары саласында жасанды интеллект қолданылмақ
Сот сараптамалары орталығы директорының м.а. Бақытжан Байтілесов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Сот сараптамалары орталығының ақпарттық жүйесін жетілдіру мәселесіне тоқталды. Оның мәлімдеуінше, бұл бағыттағы негізгі қадамдардың бірі ҚР Әділет министрлігі әзірлеген «Е-сараптама» ақпараттық жүйесін енгізу болды.
Қазақстанда сот сараптамасы қалай дамып жатыр
Қазақстанда сот сараптамасын жүргізу кезінде виртуалды аутопсияны енгізу жоспарланған. Сонымен қатар елімізде Сот сараптамалары орталығының аумақтық бөлімшелерінің жағдайы жақсарып келеді. Жалпы, сот сараптамасы қалай дамып жатқаны туралы ОКҚ алаңында Сот сараптамалары орталығы директорының м.а. Бақытжан Байтілесов айтып берді.
Еліміздің Сот сараптамалары орталығы 31 бағыт бойынша зерттеу жүргізеді
Қазіргі уақытта елімізде Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығымен ұсынылған бірыңғай сот-сараптама қызметі жұмыс істейді. Оның құрылымына ірі қалалар мен облыс орталықтарында орналасқан 19 Сот сараптамалары институттары, сондай-ақ Сот сараптамаларының ғылыми-практикалық орталығы кіреді. 2024 жылы аталған орталық 5 жылға қайта ғылыми аккредиттеуден сәтті өтті, бұл оның жұмысының жоғары сапасын, белгіленген стандарттарға сәйкестігін және ғылымды практикалық қызметпен интеграциялауын растайды. Сот сараптамалары орталығы директорының м.а. Бақытжан Байтілесов ОКҚ алаңында ұйымның қызметі мен саладағы жетістіктер жайында баяндады.
2025 жылы Қазақстанда 200-ден аса жаңа мектеп салынады
2019 жылдан бастап Қазақстанда ауқымды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып келеді, нәтижесінде 1 миллионнан астам оқушы орнын қамтамасыз еткен 1200 жаңа мектеп қолданысқа берілді. Әсіресе, 2023 және 2024 жылдардың нәтижесі аса маңызды болды, бұл жылдары 510 мың орындық 422 мектеп салынды. Бұл көрсеткіштер бірқатар негізгі мәселелердің шешімін тапты, оның ішінде 32 апатты, 71 үшауысымды мектеп және 200 мектепте орын тапшылығы мәселесі жойылды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Ежелгі мәдениет коды
Наурызнама онкүндігі аясында 18 наурызда Ұлттық киім күні атап өтіледі. Қазақтың ұлттық киімі - халықтың мәдениеті, тарихы мен дәстүрінің айқын көрінісі. Әр бөлшегінің мән-мағынасы бола тұра, әсемдігімен ерекшеленген. Ол дала климатына сай ыңғайлы, қолайлы әрі әдемі болған.