Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

17.03.2025

Жарияланымдар · 19

Президент бірқатар заңға қол қойды

18:15Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады

Мемлекет басшысына «Самұрық-Қазына» АҚ-ның былтыр атқарған қызметінің қорытындысы туралы баяндалып, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды.

17:49Мемлекет басшысының қызметі

ТЖМ өкілдері азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертті

Биыл Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері автономды жылыту жүйелері бар тұрғын үйлерге профилактикалық жұмыстар жүргізді. Азаматтардың өтініштері бойынша пештер, мұржалар, электр сымдары мен электр құралдарының, сондай-ақ өрт датчиктерінің жай-күйі тексеріліп жатыр. Сондай-ақ өрт қауіпсіздігі шаралары туралы ақпарат алу үшін QR-кодтар пайдаланылады. Бұл жайында ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ерлан Төрегелдиев ОКҚ алаңында айтты.

17:30ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Өрт датчиктерін орнату 248 адамның өмірін сақтап қалды

Ағымдағы жылыту кезеңінде ең көп өрт Павлодар облысында тіркелді – көрсеткіш 2,3 есеге артты. Жетісу облысында өрт кезінде қаза тапқандар саны 4,6 есеге өсті. Жылыту кезеңі өрттің туындау қаупі жоғары уақыт екенін ескере отырып, Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғын үй секторында дайындық профилактикалық жұмыстарын үнемі жүргізіп отырады. ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының м.а. Ерлан Төрегелдиев өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоның жүргізіп жатқан жұмысы туралы айтты.

17:20ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Жыл басынан бері 300 астам адам өрттен құтқарылды

Төтенше жағдайлар министрлігі өрттің алдын алу жұмысын тұрақты жүргізеді. Бүгінгі таңдағы маңызды бағыттардың бірі – жылу беру кезеңінің қауіпсіз өтуі. Қысқы уақытта жылыту жүйелері белсенді қолданылған кезде өрт қаупі артады. Өрттің басты себептері – пештің ақаулығы, электрмен жылу құралдарын, қазандықтарды және басқа да жылыту құралдарын дұрыс пайдаланбау, сондай-ақ электр желі жүктемесінің шамадан тыс болуы. Бұл туралы ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ерлан Төрегелдиев ОКҚ алаңында хабарлады.

17:10Жаңалықтар

Қайрат Төребаев ДСҰ мен халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы ҚР Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды

16:00Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Солтүстік Македония Республикасының Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Кочани қаласында болған өрттен көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

15:59Мемлекет басшысының қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев СNNC компаниясының бас директоры Шэнь Яньфэнді қабылдады

Қытайдың Ұлттық ядролық өнеркәсіп корпорациясының (СNNC) басшысымен кездесуде атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды.

15:58Жаңалықтар

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында қандай өзгерістер болады

Қазіргі уақытта Парламент Мәжілісінде «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заң жобасы жаңа редакцияда қаралуда. Бұл заң жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, азаматтардың өтініштерін талдау және мониторинг жүргізу, қоғамдық институттардың ұсыныстары және әлеуметтік зерттеу деректерінің нәтижелерін ескере отырып әзірленді. 2024 жылғы 4 қыркүйекте заң жобасын Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда мақұлдады. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында қандай өзгерістер болатыны туралы ҚР СИМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің төрағасы Асқар Тынысбеков хабарлады.

15:10Жаңалықтар

Қазақстанда тұтынушылардың құқықтары 2 млрд теңгеге қорғалды

ҚР СИМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті қызметінің негізгі бағыттарының бірі – мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру арқылы тұтынушылардың құқықтарын бұзудың алдын алу және оған жол бермеу. Өткен жылы ведомствоның атқарған жұмыстары туралы ОКҚ алаңында Комитет төрағасы Асқар Тынысбеков айтып берді.

15:00Жаңалықтар

Тұтынушылардың талаптары мен сауаты арта бастады – Сауда министрлігі

Қазақстанда тұтынушылардың шағымдары жылдан жылға артып келеді. 2024 жылы Сауда және интеграция министрлігіне келіп түскен өтініштер саны 62,5 мыңға дейін жетті. Қалған салалық мемлекеттік органдарға 2024 жылы келіп түскен өтініштер саны 121,9 мыңнан асты. Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінде де осындай жағдай байқалады. Мәселен, 2024 жылы қоғамдық бірлестіктер 73 мыңға жуық өтініш қарады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР СИМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Асқар Тынысбеков айтты.

14:50ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмысқа қоғам өкілдерінің қатысуы артты

15 наурызда Дүниежүзілік тұтынушылардың құқықтарын қорғау күні атап өтілді. Осы күнді мерекелеу аясында ҚР Сауда және интеграция министрлігі форум ұйымдастырып, осы тақырып аясында маңызды мәселелер қаралды. Бұл – тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнамалық бастамалар, электрондық коммерция және белсенді цифрлық трансформация жағдайында тұтынушылардың құқықтарын қорғау, мемлекет, бизнес және қоғамдық ұйымдардың әділ және қауіпсіз тұтыну нарығын қалыптастырудағы рөлі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР СИМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Асқар Тынысбеков мәлімдеді.

14:40Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Дипломатия институтының директоры Алексей Волковты қабылдады

Мемлекет басшысы Халықаралық орыс тілі ұйымы Бас хатшысының орынбасарлығына ұсынылған Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына қарасты Дипломатия институтының директоры Алексей Волковты қабылдады.

12:34Мемлекет басшысының қызметі

Оңтүстік облыстардың шаруаларын суармалы сумен қамту үшін Шардара қоймасына 15 млн текше метрге көп су жиналды

Оңтүстік облыстардың шаруаларын суармалы сумен қамту үшін Түркістан облысындағы Шардара қоймасы 4 млрд 698 млн текше метр су жинап, 90% толды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15 млн-ға көп. Бүгінгі таңда оңтүстіктегі қоймалар суару маусымында жергілікті шаруалардың сұранысын қанағаттандыру үшін белсенді су жинап жатыр, деп хабарлады ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.

12:23Жаңалықтар

Ілгерілеуге бастаған алты жыл: Қазақстан орнықты даму жолында

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов өз мақаласында Қасым-Жомарт Тоқаев ел тізгінін қолына алған уақыт ішінде еліміз қолжеткізген әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштеріне тоқталды. Мақала Primeminister.kz сайтында жарияланған.

11:47Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы сот сараптамасының қызметі

АҢДАТПА!

10:24Баспасөз хабарламалары

Тыңайтқыштардан бастап автокөліктерге дейін: 2025 жылы Қазақстанда 190 индустриалдық жоба іске қосылады

2025 жылы Қазақстанда соңғы бес жылдағы ең көп индустриалдық жоба жүзеге асырылмақ. Биыл елімізде жалпы құны 1,5 трлн теңге болатын 190 жоба іске қосылып, 20,1 мың жаңа жаңа жұмыс орны құрылады. Аталмыш жобалар толық қуатына шыққанда өндіріс көлемі 2,2 трлн теңгеге дейін жетеді деп күтілуде, деп хабарлайды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.

10:13Президенттің тапсырмалары

2025 жылы қазақстандықтарға бала тууына және бала күтіміне байланысты 153 млрд теңгеден астам сомаға жәрдемақы төленді

Жыл басынан бері мемлекеттік жәрдемақылармен, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан баланы босануға және бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төлемдермен жалпы сомасы 153,6 млрд теңгеге 211,3 мың адам қамтылды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

09:30Жаңалықтар

Түп-тамырыңды білу: ұлттық дәстүрлерді үйрену неге маңызды

17 наурызда Наурызнама онкүндігі аясында Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні атап өтіледі. Біз халқымыздың мәдени мұрасын зерттей отырып, шынайы құндылықтарды түсінеміз, туған-туыстарымызбен байланысымызды нығайтамыз.

09:12Жаңалықтар