Күн жаңалықтары
19.03.2025
Жарияланымдар · 10
Үкімет тыңайтқыштарды субсидиялауға 48 млрд теңгеден астам қаражат бөлді
ҚР Үкіметінің резервінен тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау үшін 48,4 млрд теңге бөлінді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы
АҢДАТПА!
Ақпараттық қауіпсіздік және дербес деректерді қорғау мәселелері туралы
АҢДАТПА!
Ерлан Ақкенженов энергетика министрі болып тағайындалды
Мектептерде балаларды кітап оқуға баулитын жобалар қолға алынды
Елордадағы Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясында «Балалар кітапханасы» жобасына ерекше көңіл бөлінеді. Оның мақсаты – кітап оқуға және білім алуға қызығушылық қалыптастыру. Осы жоба аясында «8 минуттық оқу» жүйеленді. Яғни, Астана қаласының мектептері сабаққа дейін 8 минут кітап оқиды. «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Ғибрат» бағдарламасы, «Үздік оқырман» оқырмандар клубы сынды іс-шаралар да тұрақты түрде іске асырылады. Бұл жайында Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясының аға тәлімгері Данияр Ихсан ОКҚ алаңындағы дөңгелек үстелде айтты.
«Әкелер одағы» мектептегі тәрбие жұмысына белсенді атсалысып жатыр
2024 жылдың желтоқсан айында Одақ мүшелері «100 әке – 1000 бала» деген бастаманы қолға алып, мектеп ауласын қардан тазалап, басқа қар көп жауатын өңірдің әкелерін де шараға қатысуға шақырды. Сондай-ақ әкелер білім ордаларында сынып сағаттарын өткізіп жүр. Бұл туралы «Әкелер одағы» РҚБ Астана қаласы филиалының төрағасы Бекдайыр Күзембай ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде хабарлады.
Біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленіп жатыр
Біртұтас тәрбие бағдарламасы – алдын ала жоспарланған, құрылымдық жүйесі мен нақты бағыттары айқындалған маңызды құжат. Бағдарлама құрылымы, мазмұны және оны іске асыру тектіктері тәрбиенің экожүйесіне негізделеді. Сондықтан бағдарлама үш деңгей арқылы, яғни білім беру ұйымы, педагогтар және отбасымен ынтымақтастық деңгейлерінде іске асырылады. Қазіргі уақытта білім беру ұйымындағы тәрбие жұмысын сапалы іске асыру үшін бағдарламаның мазмұнын ашып көрсететін әдістемелік ұсынымдар әзірленуде. Бұл туралы Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті Анар Тәңірбергенова ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында хабарлады.
Мектептерде сынып сағаты аясында «Қауіпсіздік сабақтары» өткізіледі
«Адал азамат» бағдарламасының негізгі тетігі күнделікті, апта және ай сайын жүйелі іске асырылатын қадамдар болып табылады. ҚР Оқу-ағарту министрлігі Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Ерлан Қалмақов ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында атқарылатын шаралар кешені жайында айтты.
«Адал азамат» бағдарламасы еліміздің барлық білім беру ұйымында іске асырылады
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы 2023 жылы пилоттық режимде енгізіліп, 2024 жылы оның мазмұны толықтай жаңартылды. Қазіргі уақытта еліміздегі 20 мыңға жуық балабақша, 7 мыңнан астам мектеп және 700-ден астам колледж бағдарламаны іске асыруда. 14 наурызда Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың ІV отырысында Мемлекет басшысы құрылтай мүшелері алдағы уақытта осы бағдарламаны «Адал азамат» деп атауды ұсынғанын және бұл ұсыныспен толық келісетінін мәлімдеді. Бағдарламаның түпкі мақсаты – қоғамның мызғымас тірегі, әділеттіліктің, адамгершіліктің, жауапкершілікпен еңбек сүйгіштіктің айқын бейнесі болатын адал азамат қалыптастыру. ҚР оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында осылай деді.