Күн жаңалықтары
20.03.2025
Жарияланымдар · 16
Астанада Бауыржан Момышұлы туралы деректі-тарихи көрме ашылды
Елордадағы Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығында Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Әскери-тарихи мұражайымен бірлескен Кеңес Одағының Батыры, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына арналған деректі-тарихи көрме ашылды. Іс-шара Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орайластырып отыр, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігі.
Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновті қабылдады
Президент ведомствоның атқарған қызметі, салада жүргізілген реформалар және төтенше жағдайдың алдын алу, салдарын жою жөніндегі есепті тыңдады.
Қазақстандықтарға 122,6 млрд теңгеден астам сомада мүгедектігі және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер төленді
Жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен 107,8 млрд теңге жұмсалды. Бұған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 14,8 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповты қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының былтырғы операциялық нәтижелері туралы есепті тыңдап, кәсіпорынның қысқа және орта мерзімді жоспарымен, мақсаттарымен танысты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті
Израиль тарапының бастамасымен болған әңгімелесу барысында Ицхак Герцог Қасым-Жомарт Тоқаевты Наурыз мерекесімен құттықтады.
Борышкерлер себебін көрсетпей, соттан тыс банкроттық рәсімін өз қалауы бойынша тоқтата алады
Елде төлем қабілеттілігін қалпына келтіру процедурасын қолдану көрсеткіші өсіп жатыр. 2023 жылы бұл процедураны 1 азамат, өткен жылы – 13, ал ағымдағы жылдың үш айында 17 адам қолданды. Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараты бойынша, қазақстандықтар осы рәсімдерді қолдану құқығын белсенді пайдаланады. Мәселен, «ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» Заңның аясында 120 млрд теңге сомасына міндеттемелерін орындамаған 22 600 азамат банкрот деп танылды, 7 азамат жоспар шеңберінде жаңа кесте бойынша өз міндеттемелерін орындай отырып, төлем қабілеттілігін қалпына келтіріп жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Сеилжан Ахметов мәлімдеді.
Биыл қазақстандықтар банкроттық рәсіміне 37 мыңға жуық өтініш берді
«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» Заңмен ұсынылатын рәсімдерге деген сұраныс азаймады. 2023 жылы азаматтардың жіберген банкроттық туралы өтініштер саны 77 мыңнан асты, 2024 жылы – 83 мың, ал 2025 жылдың үш айында – 37 мыңға жуықтады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Сеилжан Ахметов мәлімдеді.
Мемлекет басшысы АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасының мүшесі Кэрол Миллерді қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев бұл кездесудің екі мемлекет арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін беру тұрғысынан маңызы зор екеніне назар аударды. Президенттің айтуынша, тәуелсіздік алған сәттен бастап АҚШ Қазақстанның сенімді серіктесі саналады.
Қазақстанда фишингтік сайттарды тексеретін қосымша іске қосылады
NOMAD GUARD – қазақстандықтардың кибергигиена деңгейін, олардың хабардарлығы мен қырағылығын арттыруға бағытталған жоба. Ол туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында «web-totem» ЖШС басшысы Руслан Төрегелдинов айтып берді.
«Цифрлық волонтерлер» қарт адамдарға алаяқтардан қорғануға көмектеседі
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі AMANAT партиясымен бірлесіп, алаяқтықтан қорғануға және азаматтардың хабардарлығын арттыруға бағытталған «Цифрлық қоғам» жобасын іске қосады. Бұл бастаманың ерекшелігі – жұмысқа барлық мемлекеттік орган, мүдделі ұйымдар, өңірлердегі партия өкілдіктері атсалысады. Негізгі бағыттар – цифрлық сауаттылық, кибергигиена, цифрлық инклюзия, цифрлық құқық. Жобаның мақсатты аудиториясы – балалар, жасөспірімдер, ата-аналар, қарттар. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Абдикаликов жобаны іске асыру және алаяқтықтың алдын алудың маңыздылығы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Қазақстандықтар өздерінің дербес деректерінің көпшілікке жария болуын тексере алады
Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі киберқауіпсіздік пен дербес деректерді қорғауды нығайту жөніндегі жұмысын жалғастыруда. Мәселен, биыл жоғалған деректер тізілімін құру жоспарда бар. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Абдикаликов мәлімдеді.
Цифрлық даму министрлігінің өкілдері ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы айтты
Жаһандық цифрландыруға қатысты маңызды мәселелерінің бірі ақпараттық қауіпсіздік пен дербес деректерді қорғауды қамтамасыз ету болып табылады. Қазақстанда киберқауіпсіздік экожүйесі депутаттық корпус, қазақстандық техникалық мамандар және басқа да мемлекеттік органдардың қолдауының арқасында құрылды. Сонымен қатар елде ақпараттық қауіпсіздік бойынша маман даярлайтын 8 жоғары оқу орны мен 25 кәсіптік оқу орны бар. Ақпараттық қауіпсіздікті дамыту саласында қабылданып жатқан шаралар туралы ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Абдикаликов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.
Қазақстанда жұмысшы мамандықтарға сұраныс артады
Сарапшылардың болжамы бойынша, алдағы 6 жылда жұмысшы мамандық иелеріне сұраныс 400 мыңнан астам адамды құрайды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметітк қорғау министрлігі.
Президент тапсырмасымен Өскемендегі Гематология орталығы құрылысына 33,6 млрд теңге бөлінді
Үкімет Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысы барысында алға қойған Өскемендегі Гематология орталығын жеделдетіп пайдалануға беру туралы тапсырмасын жүзеге асыру аясында Арнаулы мемлекеттік қордан 33,6 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Президент өкімімен ҚХА кезекті сессиясы шақырылды
Ұлы дала мұрасы
Наурызнаманың онкүндігі аясында 20 наурызда Ұлттық спорт күні атап өтіледі.