«Адал азамат» бағдарламасының негізгі тетігі күнделікті, апта және ай сайын жүйелі іске асырылатын қадамдар болып табылады. ҚР Оқу-ағарту министрлігі Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Ерлан Қалмақов ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында атқарылатын шаралар кешені жайында айтты.