Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

08.05.2025

Жарияланымдар · 13

Мемлекет басшысы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік концертке барды

22:50Мемлекет басшысының қызметі

Мемлекет басшысы Сербия Президенті Александр Вучичпен келіссөз жүргізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр қараша айында Белградқа жасаған ресми сапарын ықыласпен еске алып, оның екі ел достығын нығайтудағы және сан қырлы ынтымақтастықты дамытудағы маңызына тоқталды. Сапар аясында сауда және инвестиция, өнеркәсіп, энергетика, құрылыс, ауыл шаруашылығы, көлік, цифрландыру, жасанды интеллект, сондай-ақ әскери қорғаныс өнеркәсібі салаларына қатысты келісімдерге қол қойылған болатын.

20:34Жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мьянма Премьер-министрі Мин Аун Хлайнмен кездесті

19:46Мемлекет басшысының қызметі

Абу Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян Қазақстанға ресми сапармен келеді

19:40Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Венесуэла Президенті Николас Мадуромен кездесті

Мәскеуде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Венесуэла Президенті Николас Мадуро кездесу өткізді.

19:39Мемлекет басшысының қызметі

ҚР Орталық мемлекеттік музейінде Жеңістің 80 жылдығына арналған көрме ашылды

ҚР Орталық мемлекеттік музейінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ерлік дастаны: ұрпаққа ұран, тарихқа тағзым» атты көрменің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

16:33Жаңалықтар

Қазақстанда номиналы 1 000 теңге болатын мерейтойлық банкнота айналымға шығады

Қазақстан Ұлттық Банкі 2025 жылғы 9 мамырда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арнап номиналы 1 000 теңгелік мерейтойлық банкнотаны айналымға шығарады. Банкноталардың таралымы 5 миллион данамен шектелген.

15:50Жаңалықтар

Алтын өндіру өнеркәсібінде 13 инвестициялық жоба жүзеге асырылады

Алдағы үш жылда Қазақстанның алтын өндіру саласында жалпы құны 780 миллиард теңгені құрайтын 13 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған, деп хабарлайды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.

15:36Жаңалықтар

Жеңістің 80 жылдығына орай ҰОС ардагерлеріне 5 млн теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді

Еліміздегі Ұлы отан соғысының ардагерлеріне әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары көрсетіледі. Мәселен, олар үшін салық салуда жеңілдіктер қарастырылған, Астана және Алматы қалаларындағы мамандандырылған госпитальдарда білікті медициналық көмек көрсетіледі. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин ОКҚ алаңында өткен баспасөз конферецниясында хабарлады.

14:50ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне берілетін әлеуметтік төлемдер көлемі артты

Ағымдағы жылғы 5 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 105 ардагері және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске үлес қосқан басқа санаттағы  40 707  азамат тұрады. Соғыс кезінде майданға 1 млн 200 мыңнан астам қазақстандық шақырылды, 20-дан астам атқыштар дивизиясы мен басқа да әскери бөлімдер құрылды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин ОКҚ алаңында жауынгерлік еңбегі үшін жүздеген мың қазақстандық медальдармен және ордендермен марапатталғанын атап өтті.

14:40ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Қасым-Жомарт Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

Мемлекет басшысы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай елордадағы «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойып, қазақстандық майдангерлердің рухына тағзым етті.

11:13Жаңалықтар

«Бәйтеректен» бөлінетін 8 трлн теңге ЖІӨ-нің өсуіне қосымша 1,3% үлес қосады

Кәсіпкерлікті қолдау, негізгі ұлттық және инвестициялық жобаларды іске асыру үшін «Бәйтерек» холдингі 8 трлн теңге бөледі. Ол биыл елімізде ЖІӨ-нің нақты өсуіне қосымша 1,3% үлес қосады. Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Қазақстан экономикасының өсуін қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысында «Бәйтерек» холдингінің негізгі экономикалық көрсеткіштері мен инвестициялық жобалары қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

10:57Президенттің тапсырмалары

«Таза Қазақстан»: Қарағанды облысында ағаш көшеттері өсіріліп, орман алқаптары қалпына келтіріліп жатыр

Қарағанды облысында ормандарды қалпына келтіріп қана қоймай, көшет материалдары да өсіріледі. Биыл ағаштар мен бұталардың түр құрамын кеңейтіп, қайың, долана және итмұрын тұқымдары егілмек. Сондай-ақ, тамыр жүйесі жабық қарағай көшеттерін өсіру кешенін құру жоспарланып отыр, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

09:18Президенттің тапсырмалары