Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

13.11.2025

Жарияланымдар · 10

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге хат жолдады

22:36Мемлекет басшысының қызметі

Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды

20:02Жаңалықтар

АӨК-ті жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы тұрақты нәтижелер көрсетуде

Бүгінде аграрлық секторды мемлекеттік қолдаудың негізгі құралдарының бірі – жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы. Бұл бағдарлама агро сала өкілдеріне өндірісті нығайту, өңдеу және ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту үшін қолжетімді қаржылық ресурстар алуға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы былтырғы Жолдауында атап өткендей, ауыл шаруашылығы саласында тікелей субсидиялаудан кезең-кезеңімен қолжетімді несиелеуге көшу – маңызды міндеттердің бірі. Бұл бюджет қаражатының тиімділігін арттырумен қатар, агробизнес үшін тұрақты қаржылық экожүйе қалыптастыруға жол ашады. Биыл өңдеу өнеркәсібі мен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасы аясында жеңілдетілген қаржыландыру көлемі жылдық 5% мөлшерлемемен 700 млрд теңгеге дейін межеленген, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

16:41Жаңалықтар

Жолдағы қауіпсіздік туралы

АҢДАТПА!

16:31Баспасөз хабарламалары

2025 жылғы 17-23 қарашада Алматы қаласында жасөспірімдер арасындағы тоғызқұмалақтан Әлем чемпионаты

АҢДАТПА!

15:07Баспасөз хабарламалары

Жұмысшы мамандықтар жылы: колледж педагогтерінің кәсіби деңгейі көтерілуде

Биыл 5000-ға жуық колледж қызметкері «Talap» КеАҚ ұйымдастырған заманауи педагогикалық құралдарды енгізу, білім беру процесін цифрландыру және тәжірибеге бағытталған оқытуды күшейту бағытында біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Оның ішінде 4500 педагог пен 580 колледж директоры қамтылды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

15:01Жаңалықтар

Ақмола өңіріндегі бірқатар өзен тазартылып, түбі тереңдетілді

Ақмола өңірінде су тасқынына қарсы қауіпсіздік басым бағыт болып саналады. Аймақта 494 көл мен 111 өзен бар. Осы жылы әкімдік су тасқынымен күресуден олардың себептерін жоюға көшті. Биыл тұрғындар мен инфрақұрылымды қорғауға бағытталған ауқымды жұмыс атқарылды Қалқұтан, Нұра, Шағалалы, Жабай өзендерін тазалау және түбін тереңдету жұмыстары жүргізілді. Облыста өзендерді тазалау және түзету бойынша атқарылған жұмыстың жалпы ұзындығы 44 шақырымды құрады. 18 қауіпті, әрі маңызды гидротехникалық құрылыстарды нығайту және қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Бұл көктемгі кезеңде 80 млн текше метр еріген суды қауіпсіз реттеуге мүмкіндік береді. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында осылай деді.

12:20ОКҚ баспасөз іс-шаралары

2025 жылы Ақмола облысындағы 7 мыңнан астам адам тұрғын үй жағдайларын жақсартты

Ақмола аймағында өнеркәсіп саласы тұрақты дамып келеді. Өндіріс көлемі 2 трлн теңгені құрады. Облыс машина жасау саласында нық көшбасшы болып отыр: теміржол подшипниктерін өндірудің 100%-ын және арнайы автомобильдер өндірісінің 84%-ын қамтуда. Бұдан бөлек, өңірде еліміздегі астық жинайтын комбайндардың 50%-ы өндіріледі. Облыс құрамында алтын бар руданың жартысынан астамы және Қазақстандағы алтын өндірісінің төрттен бір бөлігін өндіреді. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.

12:00ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Жыл басынан бері Ақмола өңірінің экономикасына 660 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды

Мемлекет басшысының жаңа инвестициялық циклды қайта қарап, оны іске қосу жөнінде нақты міндеті аясында Ақмола облысында айтарлықтай жұмыс жүргізілді. Мәселен, биыл өңір экономикасына құйылған инвестиция көлемі 660 млрд теңгеден асты. Өткен жылмен салыстырғанда бұл сома 250 млрд теңгеге артық. Жаңа инвестициялық жобалар жайында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.

11:50ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Биыл Ақмола облысы шетелге 3,5 млн тоннадан астам астық экспорттады

Ақмола облысы еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Сонымен бірге Қазақстанның негізгі агроөнеркәсіптік және астықты аймағы ретінде айрықша орын алады. Егін жинау алқаптары 300 мың гектарға өсті, 5,5 млн гектарды құрады. Диқандардың жанқиярлық еңбегінің арқасында дәнді дақылдардың рекордтық өнімі жиналды – орташа өнімділік гектарынан 16,3 центнерді құрап 7,6 млн тонна астық жиналды. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында осылай деді.

11:40ОКҚ баспасөз іс-шаралары