Күн жаңалықтары
14.11.2025
Жарияланымдар · 11
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ташкентке мемлекеттік сапармен барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Ташкентке мемлекеттік сапармен барды.
Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығындағы цифрлық шешімдер көрмесін аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумы аясында агроөнеркәсіп кешенінде қолданылатын цифрлық шешімдер көрмесімен танысты.
Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады
Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумында Жұмысшы мамандықтары жылына орай еңбек адамдарына айрықша құрмет көрсетілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумында сөз сөйледі
МСАК жетістіктері: жүйелі шаралар халықты медициналық алғашқы көмекпен қамтуды 80%-ға дейін арттырды
Алматыда Денсаулық сақтау министрлігі қаланың Денсаулық сақтау басқармасымен және Primary Health Care Ұлттық қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырған «Қауымдастық – медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамытудың қозғаушы күші» халықаралық конгресі өтіп жатыр, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Жол қауіпсіздігі: полиция қазақстандықтарды ережелерді сақтауға шақырады
ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ғалым Саргулов азаматтарды жол бойында барынша жауапкершілік танытуға шақырды. Ол ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында жол қозғалысы қауіпсіздігі әр қатысушыға байланысты екенін атап өтті.
ІІМ жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру үшін цифрлық шешімдер енгізіп жатыр
Жыл басынан бері Қазақстанда 29 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы орын алды, соның салдарынан 1 916 адам қаза тауып, 40 мыңнан астам азамат жарақат алды. Құрбандардың жартысын қарапайым ережелерді сақтау арқылы аман алып қалуға болар еді: қауіпсіздік белдігін тағу, жолға мұқият қарау, рөлдегі байсалдылық. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ғалым Саргулов мәлімдеді.
Жасөспірімдер арасында тоғызқұмалақтан өтетін ІІ Әлем чемпионатына қатысушылар Алматы қаласының туристік орындарын аралайды
Алматы қаласы тоғызқұмалақ спорт түрінің астанасы болып бекітілді. Жергілікті атқарушы органдар ІІ Жасөспірімдер арасындағы тоғызқұмалақтан Әлем чемпионатына қарқынды дайындық жүргізіп жатыр. Биыл жарыспен қоса, туризмді дамытуға да басымдық беріліп отыр. Келген делегациялар шаһардағы туристік орталықтарды аралайды деп көзделген. Бұл туралы ҚР Тоғызқұмалақ спорт федерациясының президенті Әкім Тұрсұн ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтты.
17-23 қараша аралығында Алматыда жасөспірімдер арасында тоғызқұмалақтан ІІ Әлем чемпионаты өтеді
Биыл «Дене шынықтыру және спорт туралы» ҚР Заңына бірқатар өзгеріс енгізілді. Оның ішінде ұлттық, олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық спорт түрлері теңестіріліп, басым спорт түрлері қатарына кірді. Қазір елімізде 11 ұлттық спорт түрі дамып келе жатыр. 200 мыңнан астам азамат тоғызқұмалақпен шұғылданады. Ал, жалпы 600 мыңнан астам адам ұлттық спорт түрлерімен айналысады. Олар барлық спортшының 9,6%-ын құрайды. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Аманбай Нұрмұханбетов ОКҚ алаңында мәлімдеді.
ЭКСЖ ұлттық жобасы аясында сатып алудың электронды платформасы іске қосылды
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асыру жөніндегі жобалық кеңсенің отырысы өтті. Қараша айынан бастап meks.zakup.sk.kz электронды сатып алу платформасы іске қосылды. Бұл жүйеде Ұлттық жобаға қатысушы барлық коммуналдық кәсіпорындар тіркелген, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 49,6 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады
2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 394 кәсіпорны 9,8 мыңнан астам жұмыскерге 2,3 млрд теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 6,5 мыңнан астам фактісі анықталды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.