Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

26.03.2026

Жарияланымдар · 14

Президент бірқатар заңға қол қойды

19:17Мемлекет басшысының қызметі

Премьер-министр Түркістан облысында электр стансасын салу жөніндегі Президент тапсырмасының жүзеге асырылу барысын тексерді

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан жоба Ұлттық электр желісінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған, деп хабарлайды Primeminister.kz.

17:57Аймақтар жаңалықтары

«Таза Қазақстан»: Олжас Бектенов Түркістан облысында «Мөлдір бұлақ» акциясына қатысты

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын тазарту және абаттандыру іс-шараларына қатысты. Жергілікті тұрғындармен, белсенділермен бірлесіп, бұлақ көзін тазарту, айналасын абаттандыру, ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілді. Бұлақтың жалпы ауданы 3,5 гектарды құрайды, аталған бұлақтың тарихы XVII–XVIII ғасырлардан басталады, деп хабарлайды Primeminister.kz.

16:31Жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейін денсаулық сақтауды дамытудың жаңа тұжырымдамасы әзірленді

Құжат азаматтардың қажеттіліктеріне бағдарланған, тұрақты әрі тиімді денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыруға бағытталған ұзақ мерзімді даму бағытын айқындайды. Бұл жүйе халықты толық қамтуды және сапалы медициналық қызметтерге тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

15:21Президенттің тапсырмалары

Атқарушылық іс жүргізу тараптары қабылданған және жоспарланған мәжбүрлеп орындау шараларын уақыт кестесі форматында бақылай алады

Борышкерлердің жасырын кірістерін анықтау үшін Әділет министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау және Қаржы министрлігімен бірлесіп, борышкерлер туралы мәліметтерді ұсыну бойынша, ақпараттық жүйелерді біріктіру жұмысын жүргізуде. Бұл олардың әлеуметтік жағдайын және өзге де кіріс көздерін одан әрі анықтауға мүмкіндік береді. Туризм және спорт министрлігінің Бірыңғай есепке алу жүйесімен интеграциялық өзара іс-қимыл жүргізілуде, бұл борышкерлердің құмар ойындар мен бәс тігуге қатысуын шектеуге, сондай-ақ оларға салынатын төлемдерді өндіріп алу мақсатында ұтыстар туралы мәліметтерді анықтауға сеп болады. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігі Мәжбүрлеп орындату комитетінің төрағасы Махсат Балабеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

15:00ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Жеке сот орындаушысын таңдауға тыйым салынды: барлық атқарушылық құжат ақпараттық жүйеде автоматты түрде бөлінеді

Өткен жылы әділет органдарына атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша 73,5 мыңнан астам өтініш түскен. Бұл 2024 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 7,2%-ға артық. Өтініштерде көтерілген негізгі мәселелер: атқару өндірісінің барысы туралы ашықтық пен ақпараттың болмауы, мәжбүрлеп орындату шараларының уақытылы жойылмауы, алименттердің төленбеуі, мүлікті сату болды. Жоғарыда аталған барлық дерек бойынша аумақтық әділет органдарымен жоспардан тыс бақылау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 2 644 жеке сот орындаушылары тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 39-ы лицензиясынан айырылды, 6 жеке сот орындаушысының лицензиясы тоқтатылды. Бұл жайында ҚР Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитетінің төрағасы Махсат Балабеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.

14:50ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Былтыр сот орындаушылары мемлекет кірісіне 63,4 млрд теңге өндірді

Қазақстанда атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындауды мемлекеттік сот орындаушылар, жеке сот орындаушылар, сондай-ақ жеңілдетілген іс жүргізу шеңберінде «цифрлық» деп аталатын сот орындаушысы жүзеге асырады. Былтыр сот орындаушылардың цифрлық аналогымен қоса алғанда, өндіріп алудың жалпы сомасы 15,5 трлн теңгені құрайтын 10 млн жуық құжат болды. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитетінің төрағасы Махсат Балабеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

14:40Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге жұмыс сапарымен келген Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті.

14:23Жаңалықтар

Мемлекет басшысы ХІV Қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитовты марапаттады

Ақордада ХІV Қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитов пен оның бапкерлерін марапаттау рәсімі өтті.

12:48Жаңалықтар

Қазақстан мектептерінде «Адал азамат» бағдарламасының бірыңғай дизайн-коды енгізіліп жатыр

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын көрнекі сүйемелдеу мақсатында заманауи брендбук әзірленді. Құжатта бағдарламаның негізгі құндылықтары мен идеясын айқындайтын көрнекі шығармашылық стильдер, түстер палитрасы, макеттер және мектеп кеңістігін заманауи форматта безендіруге арналған элементтер ұсынылған, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

11:24Президенттің тапсырмалары

Халық денсаулығы: негізгі қауіптер және әрекет ету шаралары

АҢДАТПА!

11:18Баспасөз хабарламалары

Мемлекет басшысы Бангладеш Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Мохаммад Шахабуддин Чуппу мен оның барша отандастарын Бангладеш Халық Республикасының ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

10:01Жаңалықтар

«Жастар практикасы»: 2026 жылғы ақпан-наурыз айларында 423 адам жұмыспен қамтылды

2026 жылы «Жастар практикасы» жобасы шеңберінде 25 мың жас қазақстандықты жұмыспен қамту шаралары жоспарланып отыр. Жастар практикасына алған мамандығы (біліктілігі) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында жасы 35-тен аспаған, білім беру ұйымдарының жұмыссыз түлектері қатыса алады. Бағдарламаға қатысу үшін Мансап орталығына өтініш беру қажет, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

09:45Жаңалықтар

Үкімет Қазақстанда көмір генерациясын дамыту жөніндегі ұлттық жобаны бекітті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысында берген тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет «Көмір генерациясын дамыту» жөніндегі ұлттық жобаны бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

09:14Жаңалықтар